Жаңалықтар

Тәжірибе алмасуда

Облыс делегациясы жалпы және қосымша білім беру саласында тәжірибе алмасу мақсатында Томск қаласына аттанды.

Қарағандылықтар оқу квантумдарындағы және Hi-tech цехындағы жұмыстарды көріп, мектеп оқушылары іске асырып жатқан жобалармен танысты.

Сонымен қатар, «Ғарыш сабағы» танымал ғылыми жобасының тұсаукесері өтті. Сондай-ақ, қарағандылықтар Томск қаласына «Кванториум» балалар технопаркін көрсетті.

Делегецияны оқушылардың сабақтан тыс және жобалық- -зерттеушілік қызметтерін ұйымдастыру, балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, дарынды балалармен жұмыс бойынша сібірліктердің тәжірибелері қызықтырды.

Томск облысы жалпы білім департаментінің ақпаратына сүйенсек, Қарағандыдан барған делегация Томск облысының балабақшаларын, мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарын аралайды. Томск физико-техникалық лицейінің, Ашық жастар университетінің, Сандық технологиялар мектебінің, басқа да ұйымдардың қызметімен танысады.

Аяулым СОВЕТ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button