Жаңалықтар

Тұғырым –  «Тұран – Астана»

«Тұран – Астана» университеті  1998 жылы 15 мамырда мемлекеттік тіркеуден өтіп, білім ордасы болып құрылды.  Университетіміздің Қазақстантану ғылыми орталығы, екі оқу ғимараты, студенттердің бизнес орталығы  бар.

2010 жылдан бастап  университетте психология және педагогика, қазақ тілі мен әдебиеті мамандықтары бойынша бакалавр және магистратура ашылып, бүгінгі күні еліміздің педагог мамандарын дайындауда өз  үлесін қосып отырған білім беру ордаларының бірі.

Қазіргі таңда «Тұран – Астана» университеті халықаралық деңгейде Бельгиядағы Кулевен Католикалық университеті, Қытайдың Санжы университеті, Ресей Федерациясының Түмен мемлекеттік университеті, Ыстамбұл еуропалық университеті және тағы басқа  шетелдің озық жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық, ғылыми тағлымдама, біліктілікті арттыру мәселелері бойынша ынтымақтастық орнатқан.

Психология және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында республикамызбен шет елдерге өздерінің ғылыми еңбектерімен танылған белгілі профессорлар Әбішева Клара Мұхамедияровна, Айкенова Рыскелді Айкеновна, Мухлисов  Нурлан Көшкенбаевич, Нағымжанова Қарақат Мукашевна, Іргебаева Нәзиля Мұқатаевна, Сатиева Шолпан Серікбосыновна және ғылым кандидаттары тәуелсіз Қазақстанымыздың педагог мамандарын үздіксіз дайындап келе жатыр.

Қазақ тілі мен әдебиеті, психология және педагогика мамандарының оқытушылары жыл сайын «Жоғары оқу орындарының үздік оқытушысы» атағына ие болып, іргелі және қолданбалы ғылыми жобаларға жетекшілік жасап, педагогика ғылымының өзекті мәселелері бойынша монографиялар, инновациялық оқулықтар мен оқу құралдарын  жариялауда.

Қазақстан Республикасының барлық жоғары оқу орындары арасында «Жоғары оқу орнының көшбасшысы ТОП-10»  рейтингісіне сәйкес, «Тұран-Астана» университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы – 2015 жылы 2 орынды иеленсе, ал 2016  жылы «Психология және Педагогика» мамандығы 1 орынға шықты.

2015 жылы университеттің оқу озаты қазақ тілі әдебиеті мамандығының студенті Түймебайқызы Ұлданаға Президенттік шәкіртақы тағайындалды.  «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Психология және педагогика» мамандығының студенттері жыл сайын қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, техника ғылымдарының докторы профессор Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіровтің атындағы стипендияның иегері атанады.

Кафедрада 4 ғылыми үйірме жұмыс істейді:  «Дебат клубы», «Қазіргі қазақ тілінің өзекті мәселелері, «Әдебиеттанудың өзекті мәселелері», «Заманауи педагогика әлемінде». Ғылыми үйірмелердің нәтижелері бойынша жас зерттеушілер халықаралық ғылыми семинар-конференцияларға қатысып, өз зерттеу жұмыстарын ортаға салып, жүлделі орындармен марапатталып келеді. Мәселен: қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студенті Болатова Мадина «Үздік студенттік клуб» деген дипломға ие болған. 2015 жылы Ресейде өткен «Гранит науки» атты ғылыми-зерттеу сайысында Абжалова У., Әбуева А., Байгелдина И., Калиева Ж. жеңімпаздар атанды. Сонымен қатар ғылыми жетекшілерімен зерттеу мақалаларын жазуда белсенділік танытқан студенттер қатарына: Талипова Н., Сапаралы Б., Мойнақова А., Батырхан Жансаяны жатқызуға болады. 2016 жылы аталған мамандықтың студенті Мойнақова Алтынай Білім және ғылым министрлігі Қазақстан республикасы кіші ғылым академиясы Инновациялық Еуразия университеті өткізген жастар арасындағы халықаралық ғылыми конференцияда бірінші орынды жеңіп алды.  2017 жылы педагогика және психология мамандығының студенттері Болгария, Чехия, Польша елдерінде ұйымдастырылған ғылыми конференцияларда заманауи педагогиканың өзекті мәселелері бойынша пікірлерімен алмасып, алдыңғы қатарлардан көрінді.

Бүгінгі күнде біздің альмаматырымыз – «Тұран-Астана» университеті болашағы кемел, стратегиялық бағытта креативті білім беретін, қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жоғары білікті педагог мамандарын даярлайтын білім мекемесі. 

Искакова Жазира Мақсұтқызы

Филология ғылымдарының кандидаты

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button