Бас тақырыпРесми

Төтенше жағдай кезінде облыстағы медициналық мекемелер қалай жұмыс істейді?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев төтенше жағдай кезінде аймақтағы медициналық мекемелердің қалай жұмыс істейтіні және вирусты жұқтырмау үшін не істеу керегін баяндады. 

Емхана қалай жұмыс істейді?
Емхана бұрынғы режимде жұмыс істейді. Егер өтініштер тым көп болса, дәрігерлер демалыссыз қабылдай бастайды. Стационарларда науқастармен кездесуге уақытша шектеулер қойылды. Қарт адамдарға емханаларға бармауды өтінеді. Дәрігерлер оларға үйге келіп, тиісті дәрі-дәрмектер пәтерге жеткізіледі.

Ауруханаларда дәрілер жеткілікті ме?
Иә. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы алдағы екі айға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуда.

Егер менде ЖРВИ белгілері болса, емханаға бару керек пе?
Жоқ. ЖРВИ белгілері кезінде дәрігерді үйге шақыру ұсынылады.

Отбасы мүшесі ауырып қалды. Маған не істеу керек?
Бірінші кезекте науқас бетперде кию тиіс. Мүмкіндігінше ол үшін “үй карантинін” ұйымдастыру керек – оны жеке бөлмеге орналастыру және оған отбасының басқа мүшелеріне кіруін шектеу қажет. Содан кейін дәрігерді шақыру керек.

Қандай да бір ерекше препараттарды сатып алу керек пе?
Жоқ. Үйдегі дәрі қобдишасында градусник, бірнеше медициналық маскалар, ыстық түсіретін және вирусқа қарсы дәрілер болуы керек.

Егер мен сау болсам, маска кию керек пе?
Жоқ. Маскаларды тек ауру адамдарға киюге кеңес беріледі. Дегенмен, үйдегі дәрі қобдишасында бірнеше медициналық маскалар болғаны абзал.

Медициналық масканы қайда сатып аламын?
“Биосфера” дәріханаларының желісі отандық өндірістің 300 мың маскасын сатып алды. Олар көтерме бағамен сатылады. Сондай-ақ емханалар жанындағы әлеуметтік дәріханаларда да медициналық маскалар бар. 

Егер жұқтырғандар көп болса, оларды оқшаулай ала ма?
Иә. Өңірдің ірі кәсіпорындары өздеріне тиесілі қала сыртындағы санаторийлер мен профилакторийлерде қажет болған жағдайда карантиндер ұйымдастырылатынына келісім берді. Қарағанды облысында науқастарды тасымалдауға арналған екі арнайы капсула бар.

Қазір карантинде қанша қарағандылықтар бар?
Қарағанды облысында 34 адам карантинде. Олардың ешқайсысында аурудың белгілері жоқ.

Қарағанды облысында коронавирус жұқтырғандар бар ма?
Жоқ. Қарағанды облысында COVID-19 коронавирус ауруымен ауырғандар тіркелген жоқ. 

Басқа материалдар

Back to top button