Жаңалықтар

Түрксой тізгіні – жерлесімізде

   Жерлесіміз Дүйсен ҚАСЕЙІНОВ Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы болып  қайта сайланды. Бұл туралы «ҚазАқпарат»  хабарлады.

Түркістанда өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің 35-ші отырысының мүшелері Дүйсен Қасейіновтің кандидатурасын қолдап, қайта үш жылға сайлау туралы ортақ шешімге келді. Дүйсен Қасейінов Бас хатшы болып қатарынан төртінші мерзімге сайланып отыр.

Айта кетейік, жерлесіміз 2003-2004  жылдар аралығында Қазақстанның Мәдениет министрі болды. Ал, ұйымға басшылық еткен 2008 жылдан бері көп шаруалар атқарды. Ұйымның беделін көтеріп, оны түркі бірлігін нығайтатын ірі құрылымға айналдыра алды.  ТҮРКСОЙ құрамына түркітілдес елдер кіреді. Оның ішінде, дербес елдер, федералды субъектілер мен автономды аймақтар бар.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button