Қарқаралы

Түркия мен Англиядан келген туристер жоғалып кетті

Қарағанды облысының тауларында екі шетелдік – Түркия және Англия азаматтары хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды. 

 «7 қазан күні 3:07-де Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында екі адам жоғалғаны туралы хабар келіп түсті. Олардың бірі – 1990 жылы туған Англия азаматы, екіншісі – 1992 жылы туған Түркия азаматшасы. Олар «Сосновый бор» санаторийінен таңертең ерте серуендеу үшін шығып, қайта оралмаған», – дейді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Хабар-ошарсыз кеткен туристерді іздеу үшін құтқарушылар, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи парк және ішкі істер органдарының қызмерлерінен құралған іздеу-құтқару тобы жасақталды.

Туристерді шамамен таңғы алтыда Қарқаралы қаласынан 9 шақырым жерден орман күзетшісі тауып алды. Құтқарушылар шетелдіктерді Қарқаралы қаласына жеткізді, олар медициналық көмекке қажетсінбеген.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button