Поэзия

Төре

(Ұлт көсемі

Әлихан БөкейханОВТың

рухына)

Ұлы арман артқан

ұлыс ұлдары –

Жарқ еткен ұшқын

қылышымдағы.

Шаң басты жауын, алмасты

қауым.

Дәуірдің мүлгіп

тыныш ырғағы.

Елдің де келді ертеңі жылап,

Шер-мұңын бұлттар шертеді

ыдырап.

Уақыт толқыны

жағаға әкелді,

Жеті ғасырдың желкені

құлап.

Сүбедэй нойон түсіме кірді,

Сұрқы суық-ақ, түсі де

мұңлы.

Жорыққа тағы

жори салып ем,

Кісенге қимай кісі көңілді.

Тарихты жазып көнеден

күй қып,

Туды да қадап,

төбелерді үйдік.

Төрімді таптап

бір заман келді,

Теріс айналып

Төреден билік.

Төреден тақ та теріс

бұрылып,

Тектінің көбі тегіс қырылып.

Жапаннан жылап

киемді іздедім,

Бөрімен сосын

көрістім ұлып.

Алтын Орданың алтын дәуірі,

Алпыс оғланның

алқынған үні.

Ақ бұлдыр болып

сағымға айналды,

Дештінің сыздап

салқын бауыры.

Тегеурінді боп тегінде туған,

Шеңберін қорғап

шебінде тынған.

Төренің тағы Төрешоқыдай,

Төрт құбыланың

төрінде тұрған.

Ғайыптан қайттық

ғасыр алмасып,

Бәсіре күннің бәсі жалғасып.

Ұлыс басынан бақ

таймақ түгіл,

Денелер кетті

басынан қашып.

Жатпен көрші боп

жақындығы жоқ,

Баудай түсірді

батырды бір оқ.

Алтын күн сүйген

алтын әулеттің,

Әлихан туды ақырғы үні боп.

Тәңірден ғана аласа тағы,

Қанына тартқан

қараша ханы.

Әлихан әке, қазақтың сенсің,

Иығында қалған

қара шапаны.

Асыл сүйектен

жаралған бегім,

Алқынып аққан ақ арнам

ба едің?

Арыстан жалды

арыстарымның,

Кеудемде қайтем

қадалған кегін?

Асқардан биік Алаш арманы,

Аспаннан төмен аласармады.

Ақырған заман

арнаны бұзды,

Жапырған өзен жар

аса алмады…

Мақсат КҮЗЕМХАН.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button