Облыс әкімі

Жеңіс Қасымбек: “Тұрғын үй құрылысы қарқын алады”

Биыл Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы 1,5 есеге, ал, облыс орталығында 2 есеге дейін артады. Соның нәтижесінде аймақтағы көпбалалы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар баспанамен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аймақ басшысы Жеңіс ҚАСЫМБЕК халық алдында есеп беру кездесуінде айтты.

Сурет облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

– Бүгінгі таңда облыстық 37 мыңнан астам тұрғыны баспана кезегінде тұр. Кезек көп жылдан бері өзгермей келеді. Қарағанды облысы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ» банкіде 99 мың салымшы бар. «Бақытты отбасы» бағдарламасында 759 адам кезекте тұр. 2019 жылы аумағы 421 мың шаршы метрді құрайтын – 3800 пәтер салынды. Нәтижесінде 1148 адам пәтер кілтін алды. «Бақытты отбасы» бағдарламасының арқасында 226 отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл құрылыс жұмыстарының қарқынын арттырамыз. Жоспар бойынша 5600 отбасы 2021 жылды өз пәтерлерінде қарсы алуы керек. Ол үшін алты мың шаршы метрден астам тұрғын үй салу қажет. Оның ішінде, 2600 пәтер әлеуметтік кезекте тұрған мұқтаж жандарға беріледі. Жыл соңына дейін 850 отбасын жалға берілетін баспанамен қамтамасыз етеміз, – деді аймақ басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button