"Сұлушаш"

Тұмар Ханшайым

    Сақ патшайымы Тұмар (Томирис) ханшайым әлемдегі ең атақты әйел патшалардың бірі. Ержүрек батыр, әділ ел билеуші ретінде әлем тарихында қалған Тұмар ханшаның есімі өз заманында «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсы патшасы Кирдің Орта Азияға жасаған басқыншылық жорығымен тікелей байланысты. Тарихи деректерде қанқұмар Кирдің соғыс ашу мақсатында жесір қалған Томирис патшайымға өзіне әйел болу туралы ұсынысты елшілер арқылы әдейі жібергендігі баяндалады. Кирдің өзіне емес, елі мен жеріне «құда түскелі отырғанын» жақсы түсінген патшайым оның ұсынысын қабылдамайды. Осылайша, қулығын іске асыра алмаған Кир массагеттерге ашық соғыс жариялайды. Алғашқыда айла-шарғымен массагет әскерлерін уландырып, қолға түсірген Кир жеңіске жеткендей болады. Бірақ, негізгі әскери күшінен, оған қоса ұлы Спаргапестен айрылғанына қарамастан, Томирис дереу басқыншыларға қарсы қол жинап, шабуылға шығады. Нәтижесінде массагеттер жеңіске жетіп, Кирдің өзі қаза тауып, әскерінің көпшілігі қырылды.

Томирис торсықты қанға толтырып, оған Кирдің басын салуға бұйрық береді: «Сен қанға құмартып едің, енді шөлің қансың!» дейді. Томирис патша өз елінде бұдан кейін де талай жылдар билік етіп, қара қылды қақ жарған әділдігімен, данышпандығымен, көрегендігімен халқын талай таң қалдырды. Олар Тұмар ханшайым туралы жыр толғап, оның атын жырға айналдырған.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button