Тұлғадан қалған тағылымды сөз

«Халық  дегеніміз – тарих. Тарих – халық ойы. Тарихы жоқ халық бар дегенге күйінемін. Менің халқымды да өткені жоқ, тек бүгін ғана табылып, ел есебіне алынды деуге аузы баратындар бар…»

***

«Біздің жер көлеміміз 3 млн. шаршы км. Жеріміз бай. Бірнеше жылдардан кейін Қазақстанның өндіріс күші өркендей келе Қазақ республикасының еңбекшілері бұл байлықтың дәмін татар деймін».

***

 «Ерте ме, кеш пе, Қазақстан өзінің өрістеп дамуы үшін капиталистік жолды таңдайтын болады».

***

«Мал шаруашылығы алдағы уақытта, біздің экономикада жетекші роль атқаруы тиіс. Өнеркәсіп мүддесі де, сыртқы сауда мүддесі де бізден осыны талап етеді».