Жаңалықтар

Құтқару қызметі жандануда

    «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» РМК Қарағанды филиалы аймақтағы жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік қауіпті нысандарында апатты жағдайға қарсы және газдан құтқаруды қадағалау бойынша міндеттерді орындауға бағытталған іс-шараларды тәулік бойы үзіліссіз атқаруға машықтанған. Бұл жөнінде аталған филиал директоры Геннадий СИЛИНСКИЙ аймақтық коммуникациялар қызметінде айтып өтті.

Геннадий Силинскийдің айтуынша, өткен жылы алдын алу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Қарағанды филиалы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ сынды өндірістік нысандарда және «Рапид» ЖШС, «Нефрит 2030» ЖШС қауіптік өндірістік нысандары бар 43 кәсіпорынға қызмет көрсеткен. 37 техникалық жұмыстар жүзеге асырылып, 7622 барлау жасалған. Заң талабына сәйкес, өнеркәсіптік пайдаланудағы ұңғымаларды және газдан құтқару бойынша тоқсанына бір рет жоспарлы зерттеуден өткен. 65 бақылау оқу-жаттығу дабылы жүргізілген. Кәсіпорындар қызметкерлері жұмыс нысандарында оқытылып, нұсқау берілген. 2017 жылы 5 апатты жағдай орын алған. Оның екеуі жер астында, үшеуі жер үстінде болған. «Қазақстан» шахтасында газдың кенет лақтырысы, ал, «Күзембаев» шахтасында тау-кен қазбасы опырылған.

– 2017 жылы 145 дабыл қағылып, 185 адамға авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді. Және 319 адамға медициналық көмек көрсетілді. Инженер-техникалық және жедел қызметкерлердің техногендік сипаттағы апаттардың алдын алу және жою бойынша озат әдістерін оқу мен біліктілік деңгейін арттыру жұмыстары жалғасып, арнайы механикалық қондырғымен қысым астындағы құбырларды бұрғылап тесу, құбырды қысым астында кесу, жаттығу кешенінде жедел құрамның ауа-тыныс алу аппараттарын қосу, гидравликалық жабдықтармен жұмыс, альпинистік жабдықтарды қолдану арқылы жаттығулар, зардап шеккенді биіктіктен түсіру бойынша 2427оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. 10 млн. 500 мың теңгеге арнайы жабдықтар сатып алынды,– деді Геннадий Силинский. Сонымен қатар, филиал директоры баспасөз мәслихаты барысында қойған барлық сұрақтарға тиісінше жауап беріп, алдағы жоспарлармен бөлісті.

Нұрдос КӘРІМ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button