Сзоке – үздік ойыншы

«Шахтерлік» Юлиус СЗОКЕ – «Шахтер» – «Оқжетпес» матчының үздік ойыншысы. Естеріңізде болса, аталған ойын 15 шілдеде Қарағандыда өткен еді. Словак легионері – сол ойындағы жалғыз голдың авторы.

«Шахтер» клубының ресми сайтында және «Вконтакте» әлеуметтік желісінде сауалнама ұйымдастырылды. Юлиус 44,53 пайыз дауыс жинап, көш бастады. Сөйтіп, үздік үштікке енген Айдос Тәттібаев (21,90 пайыз) пен Игорь Шацкийден (10,95 пайыз) басым түсті.

«Шахтер» ертең «Ертіспен» ойнайды. Жігіттерімізге сәттілік!

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.