Спорт

Сынақ алаңында – сарбаздар

«Астана» оқу-жаттығу орталығына қарасты Спасск оқу-жаттығу орталығында «Достастық сарбазы» халықаралық байқауына қатысушыларды іріктеу кезеңі өткізілуде.

Ел іргесін қорғаушыларды айтулы байқауға іріктеуге арналған сынның «Кәсіпқой», «Атлет» және «Мерген» аталатын кезеңдері – сындарлы сынақтардың біртұтас сериясы. Оған қатысушылар кедергілер алаңынан сүрінбей өтіп, жалпы әскери қорғаныс кешені киімдерін есептеулі уақыт аралығында киіп үлгеруі тиіс. Бұған қоса, лақтырған суық қаруды нысанаға дөп тигізіп, мылтық ату, яғни, мергендік сынағынан ұтымды ұпай жинақтауы қажет. Содан кейін дене шынықтыру дайындығы бойынша бәсекеге түседі.

Кешенді сынақтар сарбаздардың қорғаныс ісіне дайындығы жайын одан әрі ширатуға дәнекерлік етеді деп күтілуде.

Өз тілшімізден.

Суретті түсірген

Д.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button