Жаңалықтар

Сыйлық иесін тапты

Кеше ақ басты Алатаудан Арқаға сүйіншілеген хабар жетті. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, «Орталықтың» ардагері Төрехан МАЙБАС «Ұлт болмысы» журналының «Алаш жолы» әдеби шығармашылық бәйгесінде жүлделі болды.

Әріптесіміз, қиял тұлпарының жалынан ұстаған қаламгер Алашорданың құрылғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған әдеби бәйгеге драматургия саласы бойынша «Шақыр» тарихи драмасын ұсынған болатын. Бүгінгі әдебиетте өзіндік орны бар дарынымен жұртшылықтың назарын аударған жазушының шығармасы бірнеше үміткердің арасынан озық шықты.

Сөз өнерінің жілігін шағып, майын ішкен Төрехан Әкімжанұлы Алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы, журналист Қошке Кемеңгерұлы атындағы әдеби сыйлықты иеленді. Сыйлық иесін тапты деген осы шығар.

Құтты болсын!

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button