Қарағанды

Сыбайласқа – «сыбағасы»

Қарағанды қаласының ТЖ басқармасының қызметкерлері азаматтарға мәлім болған барлық сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты толық жеткізу мүмкіндігін беру мақсатында бірнеше іс-шараларды атқарды.

Басқарманың ғимаратында (Жамбыл көш.51) келушілерге көрнекті жерде бірыңғай сенім телефоны «1402», ҚР ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының 8(7212) 42-93-39 сенім телефондарының нөмірлері көрсетілген ақпарат орнатылған.

Азаматтарға қолжетімді жерлерде шағымдар мен өтінімдерге арналған айқын, мөрленген жәшіктер орнатылған, жәшіктердегі шағымдардың бар немесе жоқ екендігі күнделікті тексеріледі. Арнайы комиссияның қатысуымен жәшіктерді ашу қарастырылған.

Басқарманың «Қызметті ұйымдастыру туралы» бұйрығымен басқарма басшылығының азаматтырды қабылдау күндері бекітілген. Басқарма басшысы әрбір бейсенді күні сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін, басшының орынбасарлары айдың әрбір дүйсенбі және сейсенбі күндері сағат 09.00-ден 13.00-ге дейін азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.

Н.ШӘКЕНОВ,

ТЖ басқармасы АҚ бөлімінің басшысы,

подполковник.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button