Облыс әкімі

Судьялар спорт алаңында

Кеше облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Қазақстан Республикасы Судьялары одағының VIII спартакиадасына қатысушыларды финалдық ойындардың салтанатты ашылу рәсімімен құт­тықтады.

Спартакиаданың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Қарағанды облысының 80 жылдық мерейтойы қарсаңында өткізіліп отырғаны қуантады. Тәуелсіз мемлекетіміз денсаулығы мықты буын тәрбиелеуге басымдық береді. Спорттық іс-шараларға қатысу өзіңізді ортақ мүддеге жұмылған команданың мүшесі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибе күнделікті кездесетін күрделі мәселелерді шешуге жол ашады, – деді аймақ басшысы.

Мұндай спорттық іс-шараларды жыл сайын өткізу дәстүрге айналды.

Міне, осымен сегізінші жыл қатарынан отандық сот жүйесінің жүзден астам өкілдері спорттық іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Бұл спартакиадада жартылай финалдық бәсекелерде жеңіске жеткен судьялар еліміздің түпкір-түпкірінен бас қосты.

Спартакиада спорттың 7 түрі (шағын футбол, волейбол, үлкен және үстел теннисі, бильярд, шахмат, шашки) бойынша өткізілуде.

Жарыстың ашылу салтанатына облыстың сот жүйесінің ардагерлері, Республиканың танымал спортшылары – әлем чемпионаттарының, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қа­тыс­ты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button