Жаңалықтар

Суағарлар жөнделді

Биыл Қарқаралы ауданында көктемгі су тасқынының алдын алу үшін маңызы бар автокөлік жолдарына суағарлар орнату қарқынды түрде жүргізілді.

Республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» автомобиль жолына 326,4 млн. теңгеге 5 су өткізгіш құбыры орнатылды. Жолды қалпына келтіру үшін осы жерлерге асфальт төселді. Матақ елді мекенінде 2,6 шақырым дамба салынды.

Облыстық маңызы бар «Қоянды – Егіндібұлақ – Бүркітті» және «Нұркен – Аппаз» бағытындағы жеті жол учаскесіне 21 суағар орнатылды. Бұл жұмыстарға 48,9 млн. теңге қаражат жұмсалды. 128,6 млн.теңгеге «Қарағанды – Аягөз» – «Қоянды – Егіндібұлақ – Бүркітті» жолындағы Талды өзенінде жаңа көпір іске қосылды. 79,3 млн. теңгеге «Қарағанды – Аягөз» – «Ынталы – Бесоба» бағытындағы 4 жол учаскесінде 8 суағар орнатылып, 104,0 млн.теңгеге «Қарағанды – Аягөз» – «Ынталы – Бесоба» бағытындағы «Байқожа» өзенінен өтетін көпірде қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді.

Аудандық маңызы бар «Қ.Аманжолов – Ақбай Қызылбай» және «Нұркен-Жаңатоған» бағытындағы 8 суағар қайта қалпына келтірілді. Бұл жұмыстарға 4,7 млн. теңге жұмсалды. Сонымен қатар, Айнабұлақ, Жаңатоған, Қ.Аманжолов ауылдарындағы көпірлердің су тасқыны шайып кеткен жерлерін бетондауға 5,4 млн. теңге бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button