Басты тақырыпОблыс әкімі

Ұстаздар ұлықталды

    Ұстаздардың кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВ білім беру саласы қызметкерлерін құттықтады. Облыстың білім саласын дамытып, оның қарыштап дамуына үлес қосып, еңбегімен ерекшеленген мұғалімдерді марапаттады.

Анадан кейін ұстаздың орны ерекше. Мұғалім білім беріп қоймай, әр адамның жүрегінде жарқын із қалдырады. Өмірдің мәні мен мағынасын, адалдық пен парасаттылықтың не екенін ең алдымен ұстаз үйретеді. Бұл күн Сіздер үшін жарқын үміттердің, жоспарлардың күні болсын. Аталмыш мейрамдарыңызда Сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Төл мерекелеріңіз қарсаңында облыстың барлық жиырма мың ұстазын шын жүректен құттықтаймын! – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ, Ерлан Жақанұлы «Әр мектепте «Ел болашағы – білімді ұрпақтың қолында» деген жазу тақтасы ілінген. Мемлекет басшысы тілге тиек еткендей, он тіптен жүз жылдан кейін Қазақстанның болашағы ең әуелі бүгінгі мұғалімдерге байланысты болмақ. Әрбір зерделі де зейінді адам ұстаз алдында қарыздар» деп атап өтті. Халықаралық, республикалық байқауларда еліміздің туын желбіретіп, облыстың абыройын асқақтатып жүрген оқушылардың ұстаздарын дипломдармен марапаттады. Биылғы байқауда, сондай-ақ, «Бастауыш сыныптың үздік мұғалімі» және «Үздік педагог – психолог» аталымдары бойынша мұғалімдер марапатталды.

«Мектепке дейінгі мекемелердің үздік педагогы» аталымын және 500 мың теңгелік сыйақыны Балқаш қаласы «Ертөстік» балабақшасының әдіскері Гүлнұр Қуатбекова жеңіп алды. Сондай-ақ, «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымында “ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері” Рая Сәбитова марапатталды. Ұлағатты ұстазға бір миллион теңгенің сертификаты табысталды.

Рая СӘБИТОВА, «Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін» аталымының иегері:

Елбасының білім саласына, оның ішінде ұстаздарға ерекше көңіл бөлетінін білеміз. Сондықтан, облыс педагогтары бар күш-жігерімізді салып, осы салада қызмет атқарып жүрміз. Ұстаздар Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасына үлес қосады деп сенемін. Барша әріптестерімді төл мерекесімен құттықтаймын!

Аяулым СОВЕТ

Суретті түсірген Д.КУЗМИЧЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button