Бас тақырыпОблыс әкімі

Ұстаздарға Қарағанды облысы әкімінің сыйлығы табысталды

Мұғалімдер күні қарсаңында үздік педагогтерге облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді. Марапатталғандар арасында – педагогика қызметінің ардагерлері, биыл 100 жылдығын атап өткен Мария Володько мен 103-ге толған Шәукей Жұқанұлы бар, – деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шара Кеншілер мәдениет сарайында өтті. 500 мың теңге көлеміндегі сыйлық пен дипломдар 13 педагогке табыс етілді. «Білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясында Тағы 8 білім саласының үздіктеріне бір миллион теңгеден берілді. 
Салтанатты шараны Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев ашты. 
– Бүгін өзінің жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мұғалімдерді олардың тікелей міндеті болып табылмайтын жұмыстардан босатуды айтып, ұстаздарды жақтады. Осының барлығы «Педагогтың дәрежесі туралы» заңда ескерілетін болады. Президент келесі жылы ол заңды қабылдауды тапсырды. Құрметті педагогтар, Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың атынан сіздерді Мұғалімдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Бұл әркім үшін өзінің алғашқы ұстазын еске алуға себеп болатын керемет мереке. Бірінші мұғалім – ең жақын, жүрекке ең ыстық адам, – деді Жандос Әбішев. 
Педагогика саласының ардагерлерінің еңбегін мереке ұйымдастырушылары ерекше номинациямен атап өтті. Шақыртылған қонақтар арасында екі қарт ұстаздар бар – Қарағанды қаласы №3гимназиясының биология пәні мұғалімі Мария Володько және соғыс ардагері, көптеген әдістемелік оқулықтардың авторы, педагог Шәукей Жұқанұлы. 
Мария Ивановна Володько осы жылдың 25-ші тамызында өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті. 1939-шы жылы ол Гомелдегі педагогика институтының жаратылыстану-географиялық факультетін тәмамдаған, сонан соң өзінің туған ауылы Белорусиядағы Старобино кентінде биология пәнінен сабақ берген. Ұлы Отан соғысы кезінде Мария Володько партизан жасағының байланыс сарбазы болған: гранаттар, дәрі-дәрмектер жеткізіп, жарақат алған және тұтқынға түскен сарбаздарға көмектескен, өзінің оқушыларымен бірге соғысқа қатысқан. Белорусия босатылған соң КСРО Жоғарғы Президиумы Кеңесінің Жарлығымен оны «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттаған. 1954-ші жылы Мария Володьконың жұбайын құрылыс жұмыстарына Қарағандыға жіберген, 1955-1958 жылдары ол №21 орта мектепте биология пәнінен сабақ берген, мектептің оқу меңгерушісі болған. Ал 1958-ші жылы №3 гимназияға ауысқан. Онда ұстаз 1993-ші жылға дейін еңбек еткен. 
– Менің жүз жылдық мерейтойыма бұрыңғы оқушыларым жиналды – Израиль, Болгария, Ресейден және Қазақстанның әр қалаларынан 85 адам келді. Біз осы күнге дейін хабарласып тұрамыз, ол менің жүрегіме жылу ұялатады. Бүгінгі марапат та мен үшін өте маңызды, менің еңбегім құрметтеліп жатыр, яғни оның адамдарға пайдасы болғаны ғой, – дейді Мария Ивановна. 
Шәукей Жұқанұлы 1915-ші жылы Шет ауданының Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. Өзінің бүкіл өмірін педагогикаға арнаған. 42 жыл бойы Ақсу-Аюлы ауылында бастауыш мектебінде мұғалім болып қызмет еткен. 8 бала өсірген. Соғыс ардагерінің 23 немересі, 27 шөбересі және бір неменесі ба. 
– Соғыс жылдарында мен майданға кеткендерді тіркедім. Сол кезде Ақтоғай ауданынан 3,5 мың адам, шет ауданынан 5,5 мың адам соғысқа аттанды. Мұғалімдер жетіспеген кездері мен жоғары сыныптарға сабақ берген едім. Қазір балаларымның жанында өмір сүріп жатырмын, зейнетімнің рахатын көріп жатырмын, – дейді Шәукей Жұқанұлы. 
Мереке қонақтарының алдында танымал әнші және продюсер Қыдырәлі Болманов пен Қарақат, әнші Адам, биші, халықаралық дарындылар шауына қатысушы Атай Өмірзақов, сондай-ақ вокал және хореография ұжымдары өнер көрсетті.

Сыйлық алғандар:
«Мектепке дейінгі ұйымның үздік оқытушысы» номинациясы
Азнабаева Райля Радифовна – Шет ауданының «Нұршуак» балабақшасының тәбиешісі, жоғары санат, еңбек өтілі – 20 жыл. 

«Бастауыш сыныптардың үздік оқытушысы» номинациясы
Дүйсенбаева Ардақ Қасенханқызы – Ақтоғай ауданы Шашубай кентінің Тірек мектебі жанындағы МБК бастауыш мектеп мұғалімі, жоғары санат, еңбек өтілі – 26 жыл. 

«Үздік пән мұғалімі» номинациясы
Әкімбекова Гүлзира Зейноллақызы – Нұрмақов атындағы ОМИ қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары санат, еңбек өтілі – 22 жыл.

«Инновациялық білім беру ұйымдарының үздік оқытушысы» номинациясы
Ефимик Марина Николаевна –Қарағанды қаласы №93 гимназиясының математика пәнінің мұғалімі, жоғары санат, еңбек өтілі – 18 жыл. 

«Пән олимпиадаларының жеңімпаздарын тәрбиелеген үздік оқытушы» номинациясы
Қоңыртаева Гүлмира Мақсұтбекқызы – Теміратау қаласының №15 Қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі, жоғары санат, еңбек өтілі – 23 жыл. 

«Үздік педагог-психолог» номинациясы
Қошанова Меруерт Қайратқызы – Мағжан Жұмабаев атындағы №39 гимназияның педагог-психологі, бірінші санат, еңбек өтілі – 10 жыл. 

«Үздік әлеуметтік мұғалім» номинациясы
Мұқышева Майра Әбдірахманқызы – Сәтпаев қаласының №16 жалпы білім беру мектебінің әлеуметтік педагогі, жоғары санат, еңбек өтілі – 35 жыл. 

«Қосымша білім берудің үздік оқытушысы» номинациясы
Ермұхамбетов Бауыржан Ермұхамбетұлы – Бұқар Жырау ауданының балалар өнер мектебінің домбыра пәнінің ұстазы, жоғары санат, еңбек өтілі – 22 жыл. 

«Балалар үйінің үздік оқытушысы» номинациясы
Әмірханова Сәуле Төлеуханқызы – «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбие жөніндегі директор орынбасары, жоғары санат, еңбек өтілі – 30 жыл. 

«Арнайы (түзету) мектеп-интернаттарының үздік оқытушысы» номинациясы
Нәукенова Қарлығаш Малғаздарқызы – «Қарағанды облыстық тірек қозғалу аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат» КММ дефектологі, жоғары санат, еңбек өтілі – 37 жыл. 

«Өндірістік оқытудың үздік шебері» номинациясы
Жазыбаев Сапар Ғабдыманапұлы – «Қарағанды теміржол колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері, жоғары санат, еңбек өтілі – 12 жыл. 

«Колледждің үздік оқытушысы» номинациясы
Ақшүкеева Алма Қасымханқызы – «А. Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі, жоғары санат, еңбек өтілі – 36 жыл. 

«Мамандығына адалдығы үшін» номинациясы
Әміртайұлы Тілеуғалы – педагогика қызметінің ардагері, еңбек өтілі – 50 жыл.

«Білім беруді дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясы бойынша марапатталғандар:

-Баттал Роза Мұхамеджанқызы – республикалық Абай оқуларын құрушы;

– Володько Мария Ивановна – білім беру саласының ардагері, дарынды және табысты оқушылардың көпшілігін тәрбиелеген. Оның студенттері академиктер, профессорлар, саясаткерлер;

– Шәукей Жұқанұлы – соғыс және еңбек ардагері, әдістемелік нұсқаулықтар мен оқулықтардың авторы. Білім беру саласына қосқан ерекше үлесі үшін медальдары мен төсбелгілерімен марапатталған;

– Мәдиев Хайржан Рахымжанұлы – Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, Жезқазған қаласындағы қазақ-түрік лицейінің негізін қалаушы;

– Шәріпова Мәпіш Шәріпқызы – барлық оқытушылық ғұмырын балалардың рухани дамуына арнады, оқушыларға арналған көптеген кітаптардың авторы;

– Сухова Валентина Дмитриевна – ҚазССР-дің білім беру ісінің үздігі, профессорлар мен академиктер тәрбиелеген;

– Самойлюк Татьяна Филипповна – білім беру саласының құрметті қызметкері, облыстың білім беру қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитетінің төрағасы. Мұғалім мәртебесін көтеруге үлкен үлес қосты;

– Егішев Бекежан Қабиденұлы – техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға ерекше үлес қосты. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button