Жаңалықтар

Спорт алаңын қалпына келтірген қарағандылықтарға доп пен волейбол торы сыйға тартылды

Қарағанды қаласындағы Осевая көшесіндегі № 6 үйдің тұрғындары   ескі балалар алаңын қалпына келтіріп, волейбол алаңын жаңартты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дмитрий Карпов аула тұрғындарымен кездесіп, басқарма тарапынан сыйлық ретінде волейбол доптары мен тор табыс етті. 


– Менің Facebook-тегі парақшама осы ауланың бір тұрғыны өз күштерімен алаңды жаңартқандарын жазып, көріп қайтуға шақырды. Бұл ақпарат мені қызықтырды. Бала кезімде ересектер бізге жаз маусымында футбол, қыс кезінде хоккей ұйымдастыратын.  Балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін осындай дәстүрді қайта жандандырғымыз келеді, – деді Дмитрий Карпов. 

Жаңартылған аулада балалармен қатар ересек тұрғындар да  волейбол ойнайды екен. Жаңадан құрылған алаңға жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да келе бастаған. Демалыс күндері мұнда жарыстар ұйымдастырылады. 
– Ұзақ жылдар бойы бұл алаң иесіз жатты. Екі жыл бұрын мен “Туған жер” бағдарламасы туралы білдім және ол туралы көршілеріме айтып бердім. Біз өз ауламызды абаттандыруды шештік. Алдымен балалар алаңын, содан кейін спорт алаңын жасадық. Біздің өз ұранымыз бар: “Қолымыздан келгенінше өзімізге де, қаламызға да көмектесеміз”. Мен әлеуметтік желілерде өз аулаларының жағдайына шағымданатын, бірақ өздері жақсы болу үшін ештеңе жасамайтын адамдармен келіспеймін, – дейді Осевая көшесі №6 үйдің тұрғыны Олег Гарницкий. 
Биылғы жылы тұрғындар үйлерінің маңындағы қараусыз қалған футбол алаңын да қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Онда ересектер мен   балалар ойнайды.

Басқа материалдар

Back to top button