Спортқа бөлінген назар – ерен

Қарағандыда бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баса көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта қала тұрғындары арасында түрлі шаралар легін ұйымдастыру жұмыстары қолға алынған. Спорт күні қарсаңында да аталған бағытта бірқатар бастамалардың басы қайырылды.

Спорттық іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарын қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ойдағыдай өткізуде. Мәселен, 15-16 тамыз күндері Саран күрежолында велошабандоздар арасындағы қалалық біріншілік өтті. Бұл жарысқа барлығы 73 спортшы атсалысты.

Іле-шала «Шахтер» стадионында 2003 жылы және одан кейін дүниеге келген жасөспірімдер арасында жеңіл атлетика жарысы өткізілді.

15-22 тамыз аралығында қаладағы №№8, 23 мектептердің спорт алаңдарында 1999-2001 жылдары дүниеге келген жасөспірімдердің қатысуымен футболдан аула клубтары спартакиадасының жалауы желбіреді. Мұнда аула клубтарының 20 командасы күш сынасты.

18-19 тамыз күндері Орталық саябақтағы роликті коньки алаңқайында жастар арасындағы қалалық жарыс мәреге жетті.

Сондай-ақ, «Шахтер» стадионында Спорт күні қарсаңында «Спорт шыңдарына бірге!» атты салтанатты шара өткізілді. Рәсімге Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары И.Любарская, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Қ.Бексұлтанов, Қарағанды облыстық дәне шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Сухорукова қатысты.

Салтанат барысында аймақтағы спорт саласының дамуына айтарлықтай үлес қосқан, спортшылар мен мемлекеттік қызметшілер, «Арай – 2016» жазғы спартакиадасында жеңіске жеткен сайыскерлер марапатталды.

Бүгінде Қазыбек би және Октябрь аудандарындағы аула клубтары арасындағы «Аула футболы лигасы – 2016» атты шағын футбол турнирі мәреге жетті. Жүлдегерлер қатарынан көрінген қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Салтанатты шара барысында таэквондо, жауынгерлік самбо және қоян-қолтық ұрыс мектептерінің шәкірттері жекпе-жек өнері тәсілдерін көрсетіп, «Тори» черлидерлер тобы шеберліктерін ортаға салды.

Диана САПАРҚЫЗЫ,

Қарағанды қаласы әкімінің

баспасөз хатшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.