Абай

Сот саласы жанданып келеді

    Елімізде жыл өткен сайын сот ісін жүргізу жанданып келеді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап айтқанда, заң үстемдігін қамтамасыз етуге байланысты институционалдық реформаны іске асыру мәселелерін жолға қойды.

Осы орайда сот жүйесін жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныстар әзірлеп, оны Жаңғырту жөніндегі іс-шаралар бақылауға алынды. Олардың қатарында судьялық кадрларды даярлау және іріктеу жүйесін жетілдіру, сот төрелігінің тиімділігі мен жеделдігін арттыру, азаматтар мен бизнес өкілдерінің сот қорғауына қолжетімділігін жеңілдету мәселелерінің маңыздылығына терең тоқталды. Сонымен қатар, Сот төрелігі институтының рөлін күшейту, судьялық лауазымға үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптарын күшейту, судьялар қызметін кезеңдік кәсіби бағалау, жұмыс істеп жүрген судьялардың жауапкершілігін арттыру шараларын іске асыру көзделіп отыр. Заң шығару тарапынан инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізудің оңтайлы моделін құру қажеттілігі айтылды. Оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, суьялар әдебі нормаларын сақтау және соттардың имиджін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктелді. Сондай-ақ, қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік беретін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жасандыру да басты назарда тұр.

Қазір біздің алдымызда бірқатар міндеттер мен олардың шешу жолдарын айқындайтын жүйелі жұмыстар күтіп тұр. Орындаласы да көңіл қуантарлық. Елбасының салиқалы саясатының арқасында елімізде сот жүйесіне өзгерістер енгізілуде. Мәселен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының сот рәсімдерін жеңілдету және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқартуды көздейтін 26-шы қадамы тікелей іске асырылып отыр. Жеңілдетілген рәсімдерді жетілдіру электрондық сот ісін жүргізуді одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп есептейміз. Электрондық технологияларды белсенді түрде енгізу және қолдану біздің еліміздің сот жүйесінің басты жетістіктерінің бірі болып табылады. Процестік қағидалардың түсініктілігі әрі сот процесіне жұмсалатын шығындар тұрғысынан алғанда тиімділігі және сот шешімдерінің орындалу деңгейінің неғұрлым жоғары болуы жеңілдетілген рәсімді сот ісін жүргізудің оңтайлы нысаны ретінде кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылған өзекті мәселелер бүгінгі таңда өз шешімін тапқан. Өзіміз көзбен көріп, көңілге түйгенімізді айтқанымыз абзал. Бүгінгі сот жүйесінің материалдық жағдайы, мәртебесі, беделі күннен-күнге жоғарылап келе жатқандығы анық. Бұл Тәуелсіздік алған жылдардан бері Тәуелсіз сот құрылымын қалыптастыруға деген мақсаттың өзін-өзі ақтағанын көрсетеді. Және үшінші биліктің көсегесін көгертіп, жұмысын жандандыруда, сала қызметіне деген сенімді нығайтуға осы уақытқа дейін аз күш жұмсалғандығы белгілі. Біз әсіресе, Елбасының тұрақты қамқорлығы саланың аяғынан тік тұрып, қадамын нық басуына оң ықпалын тигізгендігін атағанымыз жөн.  Еліміздің, Елбасының артқан сенімін ақтау біздің басты мақсатымыз. Сондықтан да, судьяның кәсіби біліктілігі, моральдық бейнесі мен адамгершілік ұстанымы, ар адалдығынан аттамау, сот саласының абыройы мен беделіне нұқсан келтірер келеңсіздіктер мен сөзбұйдалықтан, жемқорлық дертінен ада болу басты ұстаным болып қала бермек.

Г.Марзалинова,

Абай қаласының судьясы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button