Жаңалықтар

Әскерилердің шынайылығы арнайы аппаратпен тексеріледі

Биылдан бастап Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметшілер полиграф аппаратының көмегімен тексеріледі. Бұл жоба осы саладағы жемқорлықтың жолын кесу мақсатында қолға алынып отыр.

Емтихан, шамамен, үш сағат жүргізіледі. Ақылды аппараттың көмегімен адамның алкогольге немесе есірткіге тәуелділігін, құмар ойынға әуестігін, пара алуға құштарлығын оп-оңай анықтауға болады. Мамандардың сөзінше, полиграфты алдау мүмкін емес көрінеді.

Сынақ кезінде графика түрінде көрсетілетін тыныс алу, жүрек-қан тамыры жүйесінің, терінің электрлі белсенділігі іспетті физиологиялық тұрғыдағы көрсеткіштер электр сигналдарына ауысады.

Полиграф адам денсаулығына мүлдем қауіпсіз. Және, тек, жауап алынатын адамның жазбаша келісімімен жүргізіледі. Осы күнге дейін тест тапсырғандардың 30 пайызы сынақтан сүрінген.

 Полиграфиялық тексеруден кейінгі нәтиже нашар болса да, тұлға ешқандай жауапкершілікке тартылмайды. Тек, белгілі бір лауазымдарға тағайындалмайды.

Басқа материалдар

Back to top button