Жаңалықтар

Әскери шеберлікті шыңдады

Таяуда «Астана» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің қатысуымен өткен оқу-жаттығу жиындары аяқталды.

Жиынның мақсаты – алға қойылған оқу-жауынгерлік тапсырмаларды мінсіз орындау, қарсыластың шабуылы кезінде бөлімшелердің өзара біріккен іс-әрекет механизмін қалыптастыру және жеке әскери құрамның кәсіби қарым-қатынас тиімділігін арттыру болып табылды.

Аталған жиында артиллерия мен жаяу әскер біріге қимылдады. Бөлімшелердің өзара тиімді әрекет ету механизмін қалыптастыру мақсатында шындыққа жақындатылған арнайы жағдай жасалды.

Жаттығу барысында қолбасшылық әскер­лері жергілікті жерді зерттеп, жауынгерлік ресурстарды анықтау мен жаудың шегіну жолдарының алдын алу жұмыстарын жүргізді. Бұдан кейін арнайы жасақтар операция өтетін аймаққа негізгі күштерді жеткізуге күш салды.

Бұл оқу-жаттығу жиыны барысында әскерилер теориядағы білімдерін тәжіри­бемен ұштастырды. Шеберліктерін шыңдай түсуге мүмкіндік алды.

Өз тілшімізден.

Суретті түсірген Д.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button