Бас тақырып

Шыршаны қиғанға – жаза бар

Жаңа жылдың басты белгісі – шырша. Алайда, облысымыздың кейбір тұрғындары шырша ағашын өсіру оңай деп ойлайды және табиғатқа, қала экологиясына, сондай-ақ өзіне қандай зиян келтіріп жатқанын ойламайды да. Заңсыз ағаш кесу – табиғат қорғау заңнамасын бұзу деген сөз. ҚР ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығына сәйкес, Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы биыл 1 желтоқсаннан бастап мемлекеттік инспекторлардың арнайы топтары құрылды. Олар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен қылқан жапырақты тұқымдардың жас шыбықтарын заңсыз ағаш кесуден және зақымданудан қорғау үшін тәулік бойы кезекшілік жүргізеді.

100 айлық есептік көрсеткішке (әрі қарай – АЕК) дейін залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 381-1 бабына сәйкес, заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасаушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркіленеді. Жеке тұлғаларға – 20 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 40 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 50 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер заңсыз кесілген ағаштар мен бұталар, көрсетілген бұзушылықтарды жасау құралы болған бұзушының көлік құралдары және өзге де заттары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – 30 АЕК мөлшерінде, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 70 – АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 90 АЕК мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы Қаулысымен орман заңнамасын бұзудан келтірілген зиянның мөлшерін есептеу үшін базалық ставкалар бекітілді. Жаңа жыл алдындағы кезеңде (қараша-желтоқсан) қылқан жапырақты тұқымдардың 1 түбін құртқаны немесе зақымдағаны үшін шығынды өтеу мөлшері 15 АЕК құрайды.

Егер келтірілген залал 100 АЕК және одан көп болса, онда тәртіп бұзушылар үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы бойынша жауапкершілік көзделеді. Осы бапқа сәйкес, айтарлықтай залал келтіре отырып, орман қорына кіретін ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, болмаса 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, яки, 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға немесе шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жіберуге жазаланады. Адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, ірі залал келтірумен қатар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда немесе бірнеше рет жасаған табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейiнгi мерзiмге айырады не болмаса онсыз, мүлкі тәркіленіп, 200 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, яки, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 200 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не болмаса 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамға Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге 5 жыл мерзімге шығарып жіберуге жаза қолданылады. Егер, қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер болса, мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, адамдар ағашты заңды жолмен немесе жасанды шыршаны сатып алудың орнына мерекені бірнеше күн тойлау үшін тәуекелге және заңды бұзуға баратыны туралы ойлауы тиіс. Қылқан жапырақты ормандар табиғат байлығы болғандықтан, біз орманның және жалпы табиғатты өз балаларымыз бен немерелеріміз үшін сақталып қалуына бар жағдайды жасауымыз керек.

Бауыржан ЖАРЫЛҚАСЫН,

 «Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ Орман және ЕҚТА бөлімінің басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button