Жаңалықтар

Шудағы пойыз апатынан жарақат алғандарға күрделі операция қажет

Он жетінші маусым күні Сарышаған-Шу учаскесінде “Астана-Алматы” бағытындағы 9/10 пойызының 8 вогоны рельстен шығып кетті. Апат салдарынан 12 жастағы оқушы қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанған.

Қазір 12 жастағы Алексей Мальневтің  отбасы баланың мәйітін  Қарағандыға алып кетті. Жерлеу рәсімі  Қушоқы ауылында болады.Ал оқиға орнында жарақат алған жолаушылардың кейбіріне күрделі операция қажет. Оны дәрігерлердің өзі растап отыр.Әліби Байжанов: «Аяғым сынған терезеге кіріп кетіпті. Вагон ішінде тұрсам да аяғыммен щебенді басып тұрмын. Балалар бар, шаң, түк көрінбейді. 20 шақты бала бар. 10-11 жас шамасындағылар. Бір бала жүріп кеткен сияқты».

Нұрбол Жолдасов, Шу аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Ота жасап, сынған сүйектерін жинап, пластина арқылы сүйектерін бір-біріне жалғаймыз. Қазір ол кісі дайындық үстінде, зерттеулер жүргізілуде. Шокқа қарсы терапия жасалуда».

Жарақат алған тағы 20 шақты адам Алматының төрт бірдей ауруханасына жатқызылды.

ҚР ИДМ баспасөз қызметі Шу станциясы маңында пойыздың рельстен шығу себептерін тексеретін комиссия құрылғанын хабарлады. 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button