Жаңалықтар

Шортанбайдың үш зары

Аты әйгілі сөз зергері, жырау, діни қайраткер Шортанбай ҚАНАЙҰЛЫНЫҢ туғанына биыл – 200 жыл.

Қазақ халқының жазба əдебиетінің іргесін қалауға ат салысқан Шортанбай жырау  айтатын сөзін сұйылтпай дəл жеткізетіндігімен ел аузында қалған. Айтулы тұлғаға жазушы Сәбит Мұқанов өзінің естелігінде «Шортанбайдың үш зары бар» деп үш поэмасына жоғары баға берген. Және осы шығармасында ақын қазақ даласына капитализмнің элементтері кеңінен ене бастауына байланысты пайда болған қайсыбір жаңалықтардың көлеңке жақтарын көре біліп, аяусыз сынға алғандығы туралы тоқталған.

Шортанбай жыраудың үш зарын айтыңыз?

P.S.  Құрметті оқырман!

Өздеріңіз көріп отырғандай, газетімізде бұрын жарияланып тұрған, белгілі  айдарымызды жылдың басынан бастап қайта жалғастырдық. Редакциямыз­ға толассыз түсіп жатқан сансыз сұрақтар мен хаттарға жауап беріп отырамыз. Біздің тарапымыздан да сіздерге сауалдар жолданатын болады. Кейбір сұрақтарыңыз бойынша кәсіби мамандар жауап береді.

Сауалдарыңызды газетіміздің 100009, Қарағанды қ., Әлімхан Ермеков көшесі, №33 үй мекен-жайына, немесе ortalyk.kz@gmail.com электронды поштасына жолдауларыңызға болады.

Олай болса, мархабат!

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button