Жаңалықтар

Шежіреден сыр шерткен

             Жуырда «Шет шұғыласы» газеті өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мерейтойға құттықтауын жолдаған аудан әкімінің міндетін атқарушы М.Мұхтаров газеттің бір топ қызметкерлеріне аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарын, сыйлықтарын табыс етті. Мұнан соң аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов құттықтау сөз сөйлеп, редакция ардагерлерін, жазушылар – Кәмел Жүністегі, Өмір Кәріп, Рымтай Зауатбайұлына аудан әкімі және мәслихат атынан сыйлықтар табыс етіп, иықтарына шапан жапты.

Осы мерейтойға орай, фото-шежіре шығардық, әр жерден естелік суреттер жинап, сол сарғайған суреттерді кітапқа салып, барынша сөйлетуге тырыстық. Жазушылар – Кәмел Жүністегі, Төрехан Майбас, сазгер, күйші Зәрубай Сүйіндікұлы және ақын Тезекбай Амандықұлы кітаптың тұсаукесер рәсімін жасап, 80 жылдық мерейтойымызға ақ тілектерін арнады. Ақын ағамыз Тезекбай Амандықұлы өзінің арнауын оқыды.

Газеттің редакторлары, жауапты хатшылары мен қызметкерлері болған, өмірден озған аға буынның жұбайлары – ақ жаулықты аналарымыз бен жеңгелеріміз де өткеннен естеліктер айтып, алғыстарын жаудырды.

Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары аттары аңызға айналған «Арай» ансамблінің мүшелері, Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның күйшілері мерекеміздің шашбауын көтеріп, өздерінің өнерлерімен қонақтарымызды тәнті етті. Гүлшара Қамиқызы мен Егінбай ағамыз шырқаған «Ақсу-Аюлым», «Дударай» әндері де мереке шырайын аша түсті.

М.ДӘУЛЕТБЕКҰЛЫ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button