Бас тақырыпРесми

Шет ауданында – жаңа әкім

Шет ауданының әкімі лауазымына Мұхит МҰХТАРОВ тағайындалды. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында ұсынылған жаңа әкімнің кандидатурасын депутаттар бірауыздан мақұлдады. Жаңа басшыны облыс әкімі Жеңіс ҚАСЫМБЕК таныстырды.

– Өздеріңіз білетіндей, Марат Жандәулетов аудан әкімі қызметінен өз еркімен кетіп, қазір облыс әкімдігінде жұмыс істейді. Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен Шет ауданының әкімі болып Мұхит Мұхтаров тағайындалды, – деді аймақ басшысы.

Ол бұрынғы әкімге Алғыс хат табыс етті. Ал, жаңа әкімнің алдына міндеттер қойып, еңбекте жеміс тіледі.

Мұхит Мұхтаров 1974 жылы 24 ақпанда Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген.

«Инженер-механик», «Қаржы бакалавры» біліктілігі бойынша екі жоғары білімі бар. О.Байқоңыров атындағы және Д.Қонаев атындағы Жезқазған университеттерін бітірген. 1997 жылдың шілдесінен бастап мемлекеттік қызметте.

Шет ауданының әкімдігінде қатардағы маманнан әкім орынбасарына дейін қызметтерді атқарған.

Құрылыс, сәулет және коммуналдық шаруашылық, жедел басқару бөлімдерінде жұмыс істеді. Әкім аппаратының басшысы болған. Өнеркәсіп және кәсіпкерлік бөлімін басқарды.

2016 жылдың мамыр айынан қазіргі уақытқа дейін Шет ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button