Шет ауданында қайырымдылық шарасы өтті

Шет ауданында ҚР «Қызыл ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ауқымды қайырымдылық шарасы өтті. Жиын тізгінін ұстаған Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ қайырымдылық шарасын «Болат Өтемұратов» қоры арқылы «Қызыл Ай» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырғандығын жеткізді.

Қайырымдылық шарасына еліміздегі аса ірі «Болат Өтемұратов» қорының бағдарламалық менеджері Д.Жақсылықова, байланыс менеджері Е.Үдербай, ҚР «Қызыл ай қоғамы» ҚБ қаржы директоры М.Әлдешев, қоғамның Қарағанды филиалының директоры Т.Абрамова, ҚР «Қызыл Ай қоғамы» ҚБ ТЖ департаментінің үйлестірушісі Р.Хрущев, ҚР «Қызыл Ай» қоғамының заңгері Т.Ибраев, тренері А.Понамарев, волонтерлермен жұмыс жөніндегі маман М.Омарова арнайы келіп, қор арқылы көктемгі су тасқыны кезенінде Көктіңкөлі станциясындағы үйіне су кірген 2 отбасы мен аулаларына, шаруашылық нысандарына нұқсан келген көпбалалы, аз қамтылған 62 отбасы мүшесіне 30 мың теңгелік «көмек картасын» табыстады.

Кездесу барысында аудан әкімі М.Жандәулетов кәсіпкер Б.Өтемұратовтың атына, ҚР «Қызыл ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Е.Арғымбаевқа, қоғамның Қарағанды филиалының директоры Т.Абрамоваға аудан жұртшылығы атынан ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.

– «Бүгінгі қайырымдылық шара «Болат Өтемұратовтың қоры» арқылы жүзеге асуда. Ал, сіздерге келуімізге Шет ауданының әкімі М.Жандәулетовтің қоғам басшылығына жасаған өтініші мұрындық болды. Біз сол өтініш аясында анықтау жұмыстарын жүргізіп, аудан халқына 10 млн. теңге көлемінде қаражат қарастырдық» – деді өз кезегінде Т.Абрамова.

Өз тілшімізден.