Басты тақырып

Шеберлер сынға түсті

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV Саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» Манифесін ілгерілетуді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен «Ақ орамал» республикалық акциясы қолға алынғаны белгілі. Жаңаарқа ауданында соған орай, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы кітапханада «Шебердің қолы ортақ» көрме-конкурсы өткізілді.

 

Көрмеде аудан орталығындағы мектептер мен балабақша ұжымдары, сонымен қатар, 14-29 жас аралығындағы өнерлі жастар өз туындыларын тұрғындар назарына ұсынды. Оған қатысушылар «Ең үздік сурет», «Ең үздік коллаж», «Ең үздік кәдесый», «Бейдәстүрлі материалдан жасалған ең үздік жұмыс» аталымдары бойынша өзара сынға түсті.

Көрме-конкурс қорытындысында «Ең үздік сурет» аталымы бойынша «Египет» туындысымен Б.Амалбеков атындағы орта мектептің оқушысы Мақпал Армиева (жетекшісі – Н.Сухарева) үздік деп танылды. «Ең үздік коллаж» аталымында «Сказочное небо» туындысымен «Ертөстік» бөбекжайы ұжымының (жетекшісі – Г.Алтынбекова) бағы жанды. Ал, «Ең үздік кәдесый» аталымы бойынша сынға түскендердің арасынан «Необыкновенная сирень» туындысымен Регина Сексенбаева және «Қос аққу» туындысының авторы, С.Сейфуллин атындағы орта мектеп мұғалімі Айдана Картаева ат оздырды. «Ақерке» бөбекжайының тәрбиешісі Саягүл Әбілдина (жетекшісі – О.Бондарева) «Жайлаудағы жаз» туындысы және «Балдырған» балабақшасының ұжымы (жетекшісі – С.Наурызбекова) «Түлкі мен бауырсақ ертегісі» атты туындысымен «Бейдәстүрлі материалдан жасалған ең үздік жұмыс» аталымындағы марапатты лайықты иеленді.

Іс-шара соңында көрме-конкурстың барлық қатысушылары мен жетекшілеріне белсенді қоғамдық ұстанымдары мен шеберлік мәнері үшін аудан әкімінің мақтау қағаздары табыс етілді.

Ахат ҚҰРМАНСЕЙІТОВ

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button