Жаңалықтар

Шағын да болса кәсібің – өз нәсібің

             Күні кеше ғана Елбасымыз әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған тағы бір бағдарламаны ұсынды. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» аталатын үндеу түрлі бес саланы қамтыған. Соның бірі – шағын несие беруді көбейту.

Өткен жылы 32 миллиард теңгеге 7200 шағын несие беріліпті. Биылғы жылы Президент бұл соманы ұлғайтуды тапсырды. Бұл дегеніміз шағын несие алып, өз ісін бастайтын қазақстандықтардың саны артады деген сөз. Оның ішінде, үндеуде ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлікті дамытуға айрықша назар аударып, басымдық берілген. Ауыл адамдары кәсібін дөңгелетіп, қосымша табыс тауып жатса ауыл өміріне серпін беріп, тынысы ашылады деп ойлаймын.
Кәсіпкерлердің өз ісімен еш кедергісіз еркін айналысып, аяқтарынан тік тұрып кеткені өздеріне де, мемлекетке де пайдалы. Сондықтан да, Мемлекет басшысы халық арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін жеңілдетілген шағын несие беруді бұдан да тиімді шарттармен беруді тапсырып отыр.

Сәулет РЫМБЕКОВ,
Жаңаарқа ауданы кәсіпкерлер
палатасының директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button