Қарқаралы

Шағын бизнеске шапағаты тиді

Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Қанат БАБАЙБЕКОВТІҢ айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы әр қазақстандыққа өзінің мүмкіндігі мен қабілетін жүзеге асыруға, материалдық жағдайын жақсартуға мүмкіндік. Сондықтан бағдарламаның қалың бұқараны қамту ауқымы барынша кеңеюде.

Қарқаралы ауданы тұрғындарының арасында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру» екінші бағыты үлкен сұранысқа ие.

Бұл бағыттың негізі – кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету. Сондықтан ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға, оның ішінде жеңілдетілген несиелендіру арқылы көңіл бөлінеді. Біздің ауданымызда «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша биылғы жылы Бағдарламаға қатысушы 51 азаматқа 153 миллион теңге көлемінде шағын несие беру жоспарланған. Қазірдің өзінде Бағдарламаның 45 қатысушысы 119 миллион теңге көлемінде шағын несие алып үлгерді, – деді Қанат Бабайбеков.

Олардың ішінде Қырғыз ауылдық округінің Бүркітті ауылының тұрғыны 47 жастағы Тәттігүл Байшагирова бар. Пысық азаматша ауылдастарына көмектесіп, елді мекендегі той және өзге де іс-шаралар өткізуге арналған жақсы тойхананың жоқтығын шешуді қолға алыпты. Ол мұндай тойхананы Бүркітті ауылында ашуды жөн көріпті. Құрылыс жұмыстары 2015 жылы басталған болатын. Алайда, қаражаттың жетіспеушіліген оны толығымен аяқтай алмады. Сөйтіп, ол БАҚ және ауыл әкімі арқылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясындағы кәсіпкерлікті қолдау туралы бағдарлама барын естіп, аудандық жұмыспен қамту орталығына барып, шағын несие алу үшін көмек сұрайды. Барлық қажетті құжаттар жиналып, рәсімдеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Тәттігүл Байшагирова үш миллион теңге көлеміндегі шағын несие алды. Алған несиесі құрылыс жұмыстарын аяқтауға толығымен жеткен тойхана иесі Қарқаралы ауданы әкімінің және ауыл тұрғындарының қатысуымен «Нұриман» атты 300 орындық жаңа тойхананың салтанатты түрде ашылу рәсімін жасады. Тәттігүл Байшагированың кәсіпкерлік бастамасы бір ауыл тұрғынын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік берді. Ал, тойхананың барлық қажетті ас үй жабдықтары сатып алынғаннан кейін, тағы бірнеше ауыл тұрғыны жұмысқа қабылданатын болады.

Тәттігүл Байшагирова өзінің сүйікті ісімен айналысып, ауыл тұрғындарының алғысына бөленуге, олардың өтініштерін орындап, іс-шараларын әсерлі, әрі ұмытылмастай етіп өткізуге мүмкіндік берген «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысқанына дән риза.

Дәл осылай «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасына қатысып, кәсіпкерлікпен айналысуға бел байлағанына еш өкінбейтін тағы бір азамат – Осакаров ауданының 43 жастағы жеке кәсіпкер Ербол Игенов. Ол өз ісінің ауқымын кеңейтуге қажетті шағын несие алу үшін аудандық жұмыспен қамту орталығына өтініш білдірген. Бұдан әрі жоспарын құруға көмек көрсететін Кәсіпкерлер палатасы қызметкерлерінің көмегімен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-дан өзіне қажетті соманы ала алды. Бұл қаражатқа ол темірден соғылған бұйымдарды әзірлейтін станоктар сатып алды. Сол арқылы кәсіпкер өзінің өндіріс ауқымын кеңейтіп, шығаратын өнімінің түрлерін көбейтіп қана қоймай, ауылдасын да жұмысқа алды. Бүгінгі күні Ербол Игеновтің тапсырыстардан қолы босамайды.

Мемлекетіміз қазір ауыл кәсіпкерлерінің дамуына барлық жағдайды жасап отыр. Қорқудың қажеті жоқ. Еңбек ету керек. Денсаулығы, күші, қайраты мен мүмкіншілігі бар кезде жастарға батыл, өз-өзіне сенімді болуы қажет. Сол кезде ғана жеңіс пен жеміс қатар келеді. Еңбек ете жүріп, еліңе пайдаңды тигізесің, ал ұрпағыңа мығым шаруашылық қалдырасың, – деді Ербол Игенов.

Осакаров ауданының жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Башаровтың айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы алғаш жүзеге асырылғаннан бері ауданда Бағдарламаға қатысқан 195 азамат шағын несие алған. Бұл несиелер мал, өсімдік шаруашылығын, азық-түлік өнімдерін шығаруға, дәмхана, техникалық қызмет көрсету станцияларын ашуға, монша салуға және өзге де қызметтерге жұмсалды.

«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы алғаш жүзеге асырылғаннан бері Шет ауданы бойынша Бағдарламаға қатысушы 260 азамат мал шаруашылығын дамытуға, монша, наубайхана салуға, жолаушылар тасымалын дамытуға шағын несие алды.

Шет ауданының жұмыспен қамту орталығының басшысы Жанат Сағадиевтің мәліметінше, 260 Бағдарлама қатысушысы шағын несие алды, алынған шағын несиелер мал шаруашылығын кеңейтуге, монша, наубайхана құрылысына және жолаушылар тасымалын дамытуға бағытталды.

Ұлытау ауданы бойынша Бағдарламаға қатысушы 61 азамат алған қаражатын мал шаруашылығына және жүк тасымалына бағыттады.

Оксана МЯГКИХ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button