Облыс әкіміРесми

Шағымға шара қолданылды

Қарағанды облысы әкімінің есептік кездесуінде тұрғындар көктемгі уақытта Федоров су қоймасының маңындағы саяжайларды еріген қар суы басып кететінін айтып, шағымданған болатын. Аймақ басшысы Ерлан ҚОШАНОВ саяжай иелерімен кездесіп, мәселені өз көзімен көрді.

Федоров су қоймасының жанында сегіз қауымдастық бар. Соңғы жылдары саяжайлардағы үйлер мен бақшаларды көктемгі уақытта үнемі су басып қалады. «Наука» саяжай қауымдастығының төрағасы Любовь Рыбинаның айтуынша, 2015 жылы бақшалардағы судың деңгейі 2,5 метрге дейін барған. Себебі – Соқыр өзеніндегі бұталар өсіп кетіп, еріген қар суы арнамен ағып кете алмайды.

Қарағанды облысы әкімінің тапсырмасы бойынша Соқыр өзенінің бойында 800 метр бөгет жасалып, арнаның бойымен өтетін 1000 метр бөгет жөнделген. 11 су өткізгіш құбырлар орнатылып, 2 шақырым қашықтықта тал тоғайлары кесілген. Мұның барлығы «Благоустройство» КММ және ішкі әскердің көмегімен жүзеге асырылды. Бес учаскеде жедел шаралар қолданылды. Бүгінгі таңда су ағып кетіп жатыр, саяжайларды су баспайды, – деп мәлімдеді Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Сәбит Оспанов.

Әкім орынбасарының сөзін растаған саяжай иелері қар мен мұздың еру кезінде өзендегі судың деңгейі 15 сантиметрден аспағанын айтты.

Ендігі мәселе – «Наука» аялдамасынан саяжайға қарай өтетін көпірдің ескіруі. Облыс әкімі көпірді қайта қалпына келтіруді, кеңейтіп, көтеруді және автокөліктер мен жаяу жүргіншілер жүретіндей етіп, екіге бөлуді тапсырды. Жөндеу жұмыстары осы жазда қалалық бюджет есебінен жасалатын болады.

Қарағанды облысы әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button