АймақШет

Ұшқыш атындағы көше

Оқу-жаттығу кезінде әскери ұшақ ақауланып, ауыл үстіне құлау қаупі төнгенде қасындағы серігіне секіруді бұйырып, өзі ұшақты жыраққа алып шыққан Марат ЕДІГЕЕВ бейбіт күнде ерлікпен қаза тапты. І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Ол – Армавир жоғары әскери авиациялық ұшқыштар училищесінің түлегі. Еңбек жолын Үшарал қаласында бастады. «Л-39», «МиГ-23», «МиГ-29», «Су-27», «Миг-31» ұшағын жетік меңгеріп, елдің әуе кеңістігінде сенімді сақшы болды. ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Айбын» орденімен марапатталды. Ю.Гагарин атындағы әскери академияда тыңдаушысы ретінде білімін жетілдірді. Қауіп-қатерге толы әрі күрделі қызметінің соңғы сәтінде ол Қарағандыдағы Кеңес Одағының Батыры Н.Әбдіров атындағы авиациялық базаның командирі болатын. Кейін Ақой ауылындағы бір көшеге оның есімі берілді.

Жуырда осы айтулы оқиғаға орай Ақой ауылында салтанатты жиын өтіп, ұшқыш атындағы көшенің бойындағы мектеп қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Онда былай деп  жазылған: «Бұл көше қызметтік борышын атқару барысында қайтыс болған полковник Марат Оразұлы Едігеевтің атымен аталады».

Келешекте мектепте бейбіт күннің батырына арналған бұрыш ашылып, ерлік сабағын өткізу дәстүрге айналады. Сондай-ақ, ауылдық округте ұшқыш атындағы жүлде үшін спорттық жарыс ұйымдастырылып отыратын болады.

Әлібек ӘБДІРАШ,
ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button