Шәкірттер шарапаты

   Туған жерге қызмет ету – ең ұлы іс. Елбасы Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі Қызылжар жалпы орта білім беретін мектебі түлектерінің басты ұстанымына айналған.

Осыдан 10 жыл бұрын айтулы білім ордасынан қанаттанған1989 жылғы мектептің 47-ші түлектері игілікті іс атқарды. Мектептерін қамқорлығына алған шәкірттері 500 мың теңге көлеміндегі қаржыға 147 шаршы метр кафель төсеп берді. Бұрын шаңы шығып жататын еденге жаңа жұқа тас төсеніштер әр беріп тұр. Білім ұясының еденінің қазіргі қалпы еріксіз көз тартып, көңіл сүйсіндіреді. Алдағы уақытта да түлектер қолұшын беруге әзір. Түлектер әр азамат туған жеріне жұмыла үлес қосып, әрбір тұрғын көркейту-көгалдандыруға, жөндеу жұмыстарына тізе қоса қызмет атқарса ауылдың еңсесі көтеріліп, көріктене түсетіндігін атап өтті. Игілікті істі тиянақты атқарған азаматтарға тұрғындардың да айтар алғысы көп. Мектеп директоры Дүйсенбай Соқабайұлы жомарт жүрек жастардың бастамасы талайға үлгі болып, дәстүр жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

Б.ДАДУОВА,

тәрбие ісінің меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.