Облыс әкімі

Шұбаркөл көмірінің әр тоннасы қатаң бақылауға алынды

Қарағанды облысында көмір мәселесі бүгінгі таңда ең маңыздылардың бірі болып табылады. Аймақ басшысы Ерлан Қошанов қол астындағы қызметкерлерге жылыту маусымында олқылықтар туындайтын болса, жұмыстарынан айырылатынын айтып ескерту жасады. 


Әр аппараттық жиналыста облыс әкімі қатты отынға қатысты жедел ақпарат беруді талап етеді: қанша өндірілгені, трейдерлерге қанша жіберілгені және халық қаншалықты белсенді сатып алып жатқаны туралы. Оның тапсырмасы бойынша басқарма басшыларынан құралған жұмыс топтар жағдайды өз көздерімен бақылап қайту үшін барлық қалалар мен аудандардағы тұйықтарды аралуға шыққан. Бұған қоса, полиция қызметкерлері қатысатын мобильді топтардан да ақпарат келіп түсіп жатыр. 
Осылайша, бүгінгі таңда бір тонна көмір, оның ішінде жоғары сұранысқа ие –шұбаркөлдік көмір де, бақылауға алынған. ҚТЖ-мен бірлесіп вагондардың күнделікті қозғалысының– жүктеу нүктесінен бастап, нақты тұйыққа дейінгі жолының мониторингі жүргізіледі. 
Қарағандыда шұбаркөлдік көмір бір тоннасы 11 000 -11 100 теңгеге сатылуда, жәнеде облыс орталығынан алшақтауына қарай елді мекендерде оның құны жоғарылай береді. Мысалы, Балқашта бір тонна көмір 12 000 – 13 000 теңгеге бағаланады. 
– Барлық көмір өндіруші компаниялар тұрақты жұмыс істеп жатыр, өндіру жоспарға сай жүргізілуде. Жалпы облыс бойынша 8 айда көмір шығару 22 млн тоннаны құрады, өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 3% жоғары. Коммуналдық-тұрмыстық көмір шығару көлемі ұлғайды – 14 млн тонна (+9,5%), – деп мәлімдеді Қарағанды облыстық Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы жетекшісінің м.а. Қайрат Шорманбаев. 
Басқарма мәліметіне сүйенер болсақ, 1-ші маусымнан 21-ші қыркүйекке дейінгі аралықта облыста 1 млн. 220 мың тонна – 17 700-ден астам вагон көмір түсірілген. Ал өткен жылы осындай уақытта оның көлемі екі есе аз болған. Трейдерлердің айтуынша, былтыр күзде адамдар осы уақытта әлі «ұйықтап жатқан», ал биыл ертерек қыс қамын ойлап, қатты отынды уақтылы сатып алуға билік өкілдерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары септігін тигізген. 
Дегенмен, қыркүйектің соңына қарай сұраныс жоғарылаған. Сонымен қатар қарағандылық тұйықтарға көршілес Ақмола облысынан көмір алатын көліктер келе бастады. Нүктелерде сауда «дөңгелек үстінде» өтуде. 
– «Шұбаркөл көмір» разрезінен өздері шығарып алып кету жолымен бір ауысымда 2 300 – 2 400 тонна (80-100 көлік) көмір жүктеледі. «Сәт көмір» ТКК ЖШС разрезінен көмір халық пен бюджеттік ұйымдар үшін түсіріліп жатыр. Түсіру екі ауысымда жүзеге асырылуда: бір тәулікте – 3 500-ден 4 500 тоннаға дейін (110-120 көлік), – деп мәлімдеді Қайрат Шорманбаев. 
Аймақтар бойынша ол егжей-тегжейлі есеп берді – тұйықтарда бар көмір көлемі туралы. Айтарлықтай қиындықтар жоқ, алайда Ақтоғай ауданындағы жағдай алаңдаушылық тудырады. 
Ерлан Қошанов бұл жайтқа бірден назар аударды. Тиімді шаралар қолдану үшін облыс әкімі ауданға өзінің орынбасары Серік Шайдаровты жіберді. 
– Тікелей «қолмен» басқару әдісі бойынша әрекет етейік. Бүгін көмір жеткілікті. Жергілікті жерлерде жұмыстарды ұйымдастырыңыздар. Келесі аптада жылыту маусымына дайындық қорытындыларын жасаймыз – мүмкін нақты, кадрлық шешімдер қабылдайтын боламыз, – деп ескертті Ерлан Қошанов.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button