Басты тақырыпОблыс әкімі

Серіктестік – серпінге сеп

    Мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті аймақтық дамыту бойынша жұмыс тобы Қарағандыда болып қайтты. Делегацияны Қазақстан Республикасы Салық төлеушілер қауымдастығы басқару кеңесінің төрағасы Жаннат ЕРТІЛЕСОВА бастап келді.

Осыған орай, облыс әкімі Ерлан ҚОШАНОВТЫҢ қатысуымен мемлекеттік құрылымдар, мүдделі органдар мен бизнес өкілдері бас қосқан жиналыс өтті.

Жиында көптеген өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушыларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орнатуда қандай қиындықтар кездесетіні және де оларды қалай жоюға болатыны қызықтырды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік ресурстар шектеулі болған жағдайда нысандарды құру, жаңғырту, ұстау және пайдалану үшін қажетті қаржылық негіз қамтамасыз етудің балама құралдарының бірі – мемлекеттік-жекеменшік серіктестік. Елбасы өзінің жыл сайынғы жолдауында Қазақстандағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуына үлкен назар аударады. Біздің алдымызда қойылған мақсаттарды орындау үшін бар күшімізді жұмсау міндеті тұр, – деді облыс әкімі Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, аймақ басшысы атап өткендей, МЖС механизмдерін қолдану мекмлекетке де, бизнеске де артықшылықтар береді. Жеке секторлар үшін жаңа инвестициялық мүмкіндіктер мен қосымша табыс көздері ашылып жатыр.

Біздің жұмыс тобымыз үкіметтің бастамасымен құрылған. Біз қазір мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің дамуына қандай себептер кедергі болып тұрғанын анықтау мақсатында аймақтарды аралап жүрміз. Біз сіздерден қандай проблемалар бар екенін, оларды шешу үшін не қажет екенін естіп, білгіміз келеді. Бұл – біздің сапарымыздың мақсаты, – деді Жаннат Ертілесова.

ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің бюджеттік инвестициялар және МЖС дамыту департаментінің директоры өзінің баяндамасында нормативті-құқықтық базаның жаңашылдықтарына тоқталды.

Баяндамашының айтуынша, Инвесторларды анағұрлым көптеп жұмылдыру үшін «МЖС ҚазОрталығы» АҚ сайтының платформасында министірлікпен МЖС жобалары бойынша Бірыңғай ақпараттық базасы іске қосылды. Ол қажеті жоқ бірнеше кезеңдерді жоюға, келісім-шарт және ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты тіркеу мәселелерін реттеу, сондай-ақ, үлгілік жобаларды стандарттауға арналған «бағдарламалық» МЖС енгізуге септігін тигізеді.

Бұл шараларды қолдану арқылы МЖС жобаларының жоспарлау мерзімі 40 жұмыс күніне дейін қысқарады (135-тен 95-ке дейін).

Сонымен қоса, «Ақ кітап» әдістемесі құрылған, онда МЖС бойынша анағұрлым жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды табуға болады.

Қарағанды облысында МЖС механизмін қолдану арқылы жыл соңына дейін жалпы сомасы 7,1 млрд. теңгені құрайтын 22 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Олардың 18-і – денсаулық сақтау саласында, 4-і – мектепке дейінгі мекемелер. Бүгінгі таңда барлық дерлік жобалардың құпталған сараптамасы бар. Оларға жүгіне отырып, экономикалық қорытындылар әзірленеді.

Бұған қоса, ТКШ және жол қозғалысы кауіпсіздігі саласында жалпы сомасы 4,4 млрд. теңгені құрайтын үш жоба құрылған.

МЖС жобаларының тізімі депутаттардың бекітуіне жақын арада өтетін облыстық мәслихат сессиясында ұсынылатын болады. Содан соң, заңға сәйкес, келісім-шарт жасау процедурасы өтеді.

Бизнесмендер жұмыс тобының өкілдеріне көкейлеріндегі сауалдарын қойды.

Бүгін қызықты талқылау өтті. Тақырып барлығымыз үшін де өзекті, – деп Ерлан Қошанов Астанадан келген делегацияның біздің аймағымызға көңіл бөлгені үшін алғыс айтты. – Біз мемлекеттік-жекеменшік серіктестікке белсене кірістік және де жобаларды іске асыруда көптеген сауалдар туындайды.

Облыс әкімі өзінің орынбасарларына ұсыныстар пакетін әзірлеп, жұмыс тобына жолдауды тапсырды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button