Облыс әкімі

Сенімді басқаруға берілді

    Қарағанды облысында «Гиппократ» Медициналық фирмасы» ЖШС сенімді басқаруға екі емхананы алды: Қарағандының №2 емханасы мен Теміртау қаласының №2 емханасы. Денсаулық сақтау нысандары бәсекелестік ортаға жекешелендірудің екінші толқыны аясында берілді.

Келешекте сатып алу құқығы бар сенімді басқаруға беру бойынша сауда 2017 жылдың 29 қыркүйегінде өтті. Келісімшарттар 2017 жылдың 13 қазанында жасалды. Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданы «3-ші Кочегарка» көшесінде орналасқан №2 емхананың мүліктік кешенінің құны 911 млн. 852 мың теңгені құрады. Теміртау қаласы Дмитрова көшесі, 53/3 мекен-жайы бойынша орналасқан емхана құны – 1 млрд. 281 млн. 705 мың теңге. Келешекте төлем жүргізу үшін бөліп төлеу құқығы қарастырылған.

Барлық міндеттер орындалған жағдайда бес жылдан соң компания денсаулық сақтау мекемесінің меншік иесі бола алады.

Басты шарт – медициналық нысанның қызмет бағытын сол қалпы сақтап қалу. Медициналық қызметтер құзыретті орган бекіткен медициналық қызмет тарификаторларына сәйкес көрсетілуі тиіс. Компания емделушілерге кепілденген мемлекеттік тегін медициналық көмекті толық көлемде көрсетуге міндетті.

Бекітілген мерзім бойы сенімді басқарушының қызметі қадағаланып отыратын болады. Қажетті ақпарат талап етілген бетте ұсынылып отыруы тиіс. Сонымен қатар, нысанды басқару тиімділігінің мониторингі жүргізіледі.

Сенімді басқарушы, тек, жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, сонымен қатар қызметкерлердің біліктілігін арттырумен де айналысуы қажет. Және инвестор ғимараттың жөндеуіне және материалдық-техникалық жабдықтауға қаражат салуға міндетті.

Сатып алынуы тиіс медициналық жабдықтар мен медициналық техникалардың нақты тізімі келісілген. Қарағандылық емхана үшін ол 12 атау: бейнегастрофиброскон, сандық медициналық маммографиялық жүйе, сараптамалық сыныптағы ультрадыбыстық зерттеу және тағы басқалары. Келушілерге арналған лифт орнату қажет. Теміртаулық емханада жаңартуды талап ететін медициналық жабдықтар көбірек – 20 атау. Сонымен қатар, екі қызметтік көліктер сатып алуы керек. Инвестор облыстағы денсаулық сақтау саласындағы жұмыс істейтін жергілікті автоматтандырылған ақпараттық жүйені қолдануға міндетті.

Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев осыған дейін бәсекелестік ортаға екі емхананы беру туралы шешімге қатысты мәлімдеме жасаған. Ведомство басшысы таңдау жасаудың себептері мен мемлекетке одан түсер тиімділікті түсіндірген болатын.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button