Жаңалықтар

Саясаттанушы Александр Рар сайлаудың әділ өтетініне сенім білдірді

Белгілі неміс саясаттанушысы Александр Рар Қазақстандағы кезектен тыс Президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезектен тыс Президент сайлауын жариялауы, билік транзиті кезеңіндегі ең маңызды шешім болды. Президент өз шешімін түсіндіру барысында атап өткендей, қазір әлемде алмағайып кезең орнады. Бұл Қазақстан үшін де қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан да, елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы кез келген шараның маңызы зор. Әсіресе, сіздердің күрделі аймақтарыңыз үшін бұл дер кезінде қабылданған шешім», – деді Александр Рар.

Неміс саясаттанушысы Қазақстандағы сайлаудың әділ, таза әрі ашық өтетініне сенім білдірді.

«Қазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаев тәрізді елдегі тұрақтылықты қамтамасыз ете алатын саясаткерге дауыс береді және сайлауға жауапкершілікпен қарайды деп сенемін», – дейді саясаттанушы.

Басқа материалдар

Back to top button