Сатылымда – қос нысан

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы «Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК және «Теміртау қаласының №2 емханасы» КМК мүліктік кешеннің нарықтық құнының бағалауы тәуелсіз бағалау компаниясы «Сарапшы консалтинг» ЖШС жасады.

Бағалау Қазақстан Республикасы бағалау қызметі саласындағы заңнамаларына сәйкес жүргізілді.

Бағалаудың мақсаты «Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК және «Теміртау қаласының №2 емханасы» КМК мүліктік кешен ретінде кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға нарықтық құнын анықтау болып табылады.

Мақсатқа жету үшін құжаттардың талдауы және сипаттамасы, жинауы бойынша міндеттер қойылған: кәсіпорын туралы жалпы мәліметтер; мемлекеттік тіркеу туралы құжаттар; құқық белгілейтін құжаттар; мүліктің сипаттамасы; кәсіпорын мүлігінің құнын актуализациялау; қаржылық есептілікті талдау және қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелігінің талдауы.

Нысандарды бағалау үшін шығындық әдіс және шығындық әдіс шеңберінде таза активтер әдісі қолданылды.

Жасалған есептер мен талдау 2017 жылы 13 маусымға бағаланған объектілердің ықтимал нарықтық құны бойынша қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

«Қарағанды қаласының №2 емханасы» КМК – 911 852 000 теңге;

«Теміртау қаласының №2 емханасы» КМК – 1 281705 000 теңге.

Сатылатын нысандар, олардың құны, активтер туралы барлық мәліметтер www.gosreestr.kz веб-порталында, Қарағанды облысының мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасының ресми сайтында, сондай-ақ, мерзімді басылымдарда орналастырылып отыр.

М.КАДЕКОВ,

мемлекеттік активтер және сатып алулар басқармасының басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.