Жаңалықтар

SARYARQA:тарихы-тамырлы,дәстүрі-дара

Телевидение – адамзат «…көзбен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алатын» (Абай, 43-қара сөз) болса, төрткүл дүниеде болып жатқан оқиғаны шынайы уақытта көзіңізге көрсетіп, құлағыңызға естіртіп, санаңызға құйып беретін бірден-бір құрал. Келіспеуіңіз де мүмкін, интернет заманында теледидарға телміргендер (жақсы мағынада) саны азайып кетті десеңіз де, өзектілігін жоймаған телехабарлардың бар екенін еріксіз мойындаймыз. Оның үстіне, интернеттің шырмауына іліге қоймаған түкпірдегі елді мекендерді есепке алсақ, телевидениенің болғанына, бар екеніне, әлі де ғұмырының ұзақ болатынына кәміл сене беріңіз…

 

Аймақтың басты арнасы

«SARYARQA» телеарнасы Бұқар жырау даңғылының бойындағы шағын ғана екі қабатты ғимаратта орын тепкен. Алпыс жылдық тарихы бар аймақтағы белді де беделді арнаның осы уақыт аралығында жаңа, заманауи, зәулім ғимарат тұрғызып алып, көшіп кетуге құдіреті жетпеді ме деп ойлағаным да бар. Өңірдегі өзге арналардың таласы болмас, қала ғана емес, Қарағанды облысымен бірге жасасып, тұрғындардың көзайымына айналған қазіргі «SARYARQA», бұрынғы «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасы 1957 жылдың 31 тамызынан кеншілердің кәсіби мерекесі құрметіне «Сәлеметсіздер ме, эфирде Қарағанды телевизия студиясы!» деп, тұңғыш хабар таратқан күнінен бастап, басты миссиясынан айныған жоқ. Телеарна ғана емес, телекөрермендер үшін де маңызды алпыс жыл өте шықса да, кезінде бүкіл Қазақстан бойынша телевизия үшін арнайы салынған небары үш ғимараттың біреуі Қарағанды жеріне бұйырғанын біреу білсе, біреу біле бермес. Арнайы стандартқа сәйкестендірілген 300 шаршы метрлік студияда осы жылдар аралығында небір бағдарламалар жазылып, талай қонақтарды қарсы алды. Кенді өлкенің тыныс-тіршілігі туралы хабар таратып, идеологияны сіңіру мақсатында теледидар арқылы халық санасын жаулауды мақсат еткен Кеңес үкіметінің сол кездегі шешімі өңіріміз үшін ұтымды болғаны да рас. Ішінде елес бар делінетін атақты «Останкинодай» болмаса да, кіріп көрмеген адам үшін құпиясы бар «SARYARQA» телеарнасы қазір Елбасының саясатын насихаттауда да алдыңғы қатарда. Жаңа маусымнан үр жаңа бағдарламаларымен көрермендерін қуантуды көздеген телеарна ұжымы латын қарпіне толық көшуді де осы кезден бастамақ. «Katelco» спутниктік жүйесі арқылы облыс аумағының 98%-ын қамтитын телеарна шалғайдағы елді мекендерді де облыстың басты жаңалықтарымен дер кезінде қамтамасыз етіп отыр.

Жақсы бағдарлама – жан азығы

«SARYARQA» телеарнасының таралым сеткасында әр түрлі жанрда отыздан астам қазақ және орыс тіліндегі хабарлар бар. Мәселен, кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Қуырмаш», Қазақстан телевизиясына – 60 жыл Салтанат ИЛЬЯШОВА, «Орталық Қазақстан» людей», «Уақыт.kz» ток-шоулары, айшықты тақырыпты қозғайтын «ДАТ», ұлттық құндылықты ұлықтаған «Мәдени мұра» бағдарламалары талайдың үддесінен шығып келеді. Көрермендерге күніне 6 мәрте ұсынылатын «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасы да 3 рет тікелей эфирге шығады.

Кәсібилік пен жауапкершіліктен айнымаған телеарна ұжымының хабарларын көпшіліктің жатқа білетіні, тіпті, белгілі бір уақыт аралығында облыс тұрғындарының біразын экран алдына жіпсіз байлайтыны жасырын емес. Себебі, арнадан көрсетілетіні – сапалы бағдарлама, сауатты жүргізуші, қызықты фильмдер. Ал, барлығы жұдырықтай жұмылған ұжым еңбегі.

Қызықты бағдарлама қат болған кезеңде өзіңіздің де, баланың да санасына бұзбайтын, мазмұны бай, қызықты бағдарлама іздесеңіз, «SARYARQA» телеарнасын қоссаңыз болғаны…

Таспадан – цифрландыруға

Цифрландыру заманының сиқырлы әлемі телевизия саласына да еніп, жұмысын түбегейлі өзгертті. Бұрын соңды адамзат бастан кешпеген ғажайып құралдар арқылы ақпаратты жедел әрі сапалы тарату арқылы «SARYARQA» телеарнасы қазір таспа жүйесінен толық арылып, «Cinegy» бағдарламасына көшкен.

Бұл жүйе уақытымызды 3-4 есеге үнемдеді. Кезінде материалды таспамен әкеліп, оны компьютердің жадына құюға әжептәуір уақыт кететін. Қазір кабинетте отырып-ақ, сеткаға сәйкес бағдарлама тізімін құрып, эфир инженеріне плей-листтің дайын болғанын телефон арқылы хабарлаймыз, – дейді арнаның жауапты шығарушысы Күләнда Темірбаева.

Шынында да, «QAZAQSTAN» Ұлттық арнасының 14 филиалы арасынан алғашқылардың бірі болып, таспасыз «Cinegy» бағдарламасына көшкен телеарна бейнекассетадан арылып, құн- «Хочу все знать», қыз-келіншектерге арналған ақпараттық-танымдық «Талғам мен таным», «Расскажем и покажем» хабарлары, әлеуметтік мәселені қозғайтын «Ойталқы», «В интересах ды бағдарламаларды цифрлық мұрағатта сақтау мүмкіндігіне ие болды. Жаңалықтар қызметіндегі редакторлардың да, монтаждаушылардың да жұмысын жеңілдеткен жүйе жұмыс шапшаңдығын, жедел әрі оңтайлы монтажды қамтамасыз етеді. «OTAU» операторы арқылы Қазақстанды 100% қамтитын «SARYARQA» телевизиялық журналистік кешен паркін толықтай жаңғыртқандықтан, жаңалықтар қызметіндегі 8 камера да «Full HD» форматында.

Студиядағы бағдарламалар да «Sony» фирмасының «Full HD» форматындағы 5 камералы жабдық арқылы түсіріліп, Еуропа мен Азияда стандартты саналатын 16:9 кеңформатты таралымға көшкен. Бұл – көрерменге сапалы бағдарлама ұсыну мүмкіндігін берді.

Білікті маман – заман талабы

Қоғамдағы оң өзгерістерді өз дәрежесінде халыққа жеткізуде журналистердің еңбегі зор. Журналист билікке қарсы емес, керісінше, әлеумет пен билік арасын жалғастырушы көпір, – дейді телеарна директоры Берік Дүйсетаев. Ол, сондай-ақ, Қазақстан телевидениесінің тарихында ең алғаш ашылған Қарағанды филиалындағы телевидение мұражайының құрушысы, әрі авторы. Әрине, кез келген ұжым жұмысының табыстылығы басшылыққа тікелей байланысты. Маман таңдауда асқан талғампаздық таныту – телевизия басшылығының басты ұстанымы. Себебі, сапалы кадр – нәтижелі жұмыс кепілі. Қазақстан тележурналистерінің фабрикасына айналған «SARYARQA» телеарнасы өздерінен қанат қаққан кадрларының шетелдерде де табысты еңбек ететініне қуанышты.

Еңбек жолын енді бастаған жасынан бастап, тісқаққан тәжірибелі журналистерінің өзі телевизияға кездейсоқ келмегеніне көзіңді жеткізесің, сөйлесе қалсаң.

– Талабың мен талантың болса – арнаның есігі әрдайым ашық. Бала кезімнен тележурналист болуды армандадым, ал, «Журналистика – сүйікті ісіңмен айналысу» – дейді Айдана Дастан.

Тікелей эфир уақытында техникадан ақау шықса, қиыннан қиыстырып жол табуда әбден әккі болған, кезіндегі Майра Ахметованың жолын жалғаған Райхан Сайранбекті де осы жерге бала күнгі арманы алып келген. – Еңбегіңнің жемісін көру өз алдына, әсіресе, облыстың шалғай ауылдарында диктор ретінде танып, ризашылығын білдіріп жатуы екі есе мақтаныш сыйлайды. Ал, тележурналист болу ширақтықты әрі төзімділікті талап етеді, – дейді ол. Телевидение ұжымдық жұмыс, осыны әрдайым естерінен шығармай, бір отбасының мүшесіндей біте қайнасқан әр қызметкер. Журналистерден бөлек, кадр сыртындағы жұмысы ерен монтаждаушылардың жұмысына да көңіл бөлініп, арнайы сыйлыққа ұсыныс жасалса екен деген тілегін де жеткізді «Жаңалықтар» бөлімінің редакторы Мақсат Бейсенаев.

«Алпыстан АСУ»

Алпыс жылдық тарихы бар «SARҮARQA» телеарнасының кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртсек нарық заңы мен халық қалауына сәйкес, өзінің өнімдерін таңдаған екен. Ресейлік немесе республикалық телеарналардың өнімдерімен уақыт өткізбей, қоғамның өзекті тақырыптарына журналистік сараптама жасай отырып, көрерменін жоғалтпаған белді арна алпыстан да абыроймен асуды жоспарлап отыр. Әшімхан Жәмпейісовтің авторлығындағы «ДАТ» (дәйекті айшықты тақырып) телециклы тәрізді «Алпыстан АСУ» бағдарламасын дайындау үстінде. Сондай-ақ, жаңа телемаусымда жарық көретін 30 минуттық «Сөз сұраймын» студиялық ақпаратты шоу бағдарламасын да айтуға болады. Теледидар – қоғам мен замана дидары. Тәуелсіздік ақпарат құралдарына сөз бостандығын беріп қана қойған жоқ. БАҚ-тың бақталастығын өмірге әкелді. Міне, осындай еркін және жауапты ақпарат кеңістігінде «SARYARQA» телеарнасының орны әр кезде ерекше әрі айшықты. Өйткені, дәстүр сабақтастығы, шеберлік мектебі сияқты шығармашылдық құндылықтармен қатар, отаншылдық ой-сана мен мемлекеттік мүдде талаптары осы телеарнаның темірқазығы, – дейді, бағдарлама авторы.

 

Салтанат ИЛЬЯШОВА,

«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button