«Сарыарқа» биігі

«Сарыарқа» командасы Еуропадағы үздік 250 хоккей клубы рейтингінде Жоғарғы хоккей лигасы командалары арасында төртінші орыннан көрінді. Бұл туралы «нockeyarchives.com» интернет-порталы хабарлады.

Рейтингте төрт сатыға көтерілген «Сарыарқа» 149-шы орынға тұрақтады. ЖХЛ командалары арасында І орын – «СКА» клубының еншісінде. Гагарин Кубогінде жеңіске жеткен «СКА» бірден 13 орынға жоғарылады. ІІ орында – магнитогорлық «Металлург». Үшінші тұғырда – мәскеулік «ЦСКА».

Бүгінде қарағандылық ұжым Словакияда. Тренчин қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.