«Сары-Арқа – 2019» облыстық жазғы ауыл спартакиадасы басталды

«Сары-Арқа – 2019» ХХХІІІ облыстық жазғы ауыл спартакиадасы жалауын желбіретті. Оған Қарағанды облысының барлық аудандарынан 600-ден астам адам қатысуда.

Жарыс бағдарламасына спорттың 11 түрі енгізілді: волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, жазғы президенттік көп сатылы сайыс, армрестлинг, гирь спорты, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат, дойбы, асық ату. Қатысушылардың жасы – 18 және одан жоғары.
– Бұл – дәстүрлі спартакиада. 1986 жылы облыстық спорт комитетінің отырысында ауыл спортшылары арасында бірінші облыстық спартакиада өткізу туралы шешім қабылданды. Жарыс әр аудандарда ұйымдастырылады, өткен жылы бұл – Нұра, биыл – Абай. Онда «Жігер» стадионында өткен спартакиаданың әсерлі театрланған ашылуы көрсетілді. Ауыл тұрғындары осы дәстүрлі облыстық біріншілікке үлкен ықыласпен қатысып отырғанын атап өткім келеді, деді Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының дене шынықтыру-бұқаралық жұмыс бөлімінің басшысы Нұрлан Әшірбек.

Өткен жылы спартакиадада Абай ауданының командасы I орынды, Нұра ауданының құрама командасы II орынды, Жаңаарқа ауданының құрама командасы III орынды иеленген-ді.