Жаңалықтар

Сарбаздар сынақтан сүрінбей өтті

Өткен бейсенбіде полковник Бекайдар ҚАЗКЕЕВ басшылық ететін 6505 әскери бөлімінің Қарабас кентіндегі 3-атқыштар батальонының 6-атқыштар ротасында қысқы қорытынды тексеріс тапсырылды. Тексеріс жұмысын бригада командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, подполковник Жандос КҮЛБАЕВ жүргізді.

Сарбаздар
Көрнекі сурет

Қорытынды тексеріс подполковник Ерғали Жұмаділовтің басшылығындағы 3-атқыштар батальонында 16-17 мамыр күндері өтіп, алғашқы күні оқ ату даярлығы сыналған болса, келесі күні сарбаздардың саптық, мемлекеттік-құқықтық және жалпы әскери жарғылық даярлығы назарға алынды.
Алдымен, сарбаздар сапқа тұрғызылып, сыртқы түр-келбеті, жеке құжаттары, өзімен бірге алып-жүруі қажет заттарының болуы тексерілді. Бұл сыннан сүрінбей өткеннен кейін,
6-атқыштар ротасының жауынгерлері ән айтып, салтанатты шерумен жүріп өтті.
– Бүгінгі тексеріс негізінен сарбаздардың әскери дайындығын бағамдауға бағытталған. Әскери дайындық деп отырғанымыз, олардың сыртқы түр-келбеті, киімі, жабдықталуы, барлық қажетті құжаттарының болуы және біліктілігі мен білімі өз деңгейінде екеніне көз жеткізу. Батыр Бауыржан Момышұлы «Тәртіпке бағынған құл болмайды!» деген болатын. Сондықтан, әскердің темірдей тәртібіне бағына отырып, білімімен, білігімен, дене тәрбиесі дайындығымен, мергендігімен ерекшеленген жауангерлер де жоғары бағаланады, – деді 3-атқыштар батальоны командирінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік- құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, капитан Руфат Садвокасов.
Бұдан әрі жауынгерлер мемлекеттік- құқықтық және жалпы әскери жарғылық даярлығы бойынша арнайы тексерістен өтіп, білімі мен білігін танытты.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button