Приозерск

Сарбаздар ант қабылдады

   Жуырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде салтанатты түрде Әскери ант қабылдау рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараны бөлім командирі подполковник Ж.Жақыпов ашып берді. Дәл осы іс-шараның өтуіне жауапты, жас сарбаздар жиынының бастығы подполковник Д.Орақбаев бөлім командирі подполковник Ж.Жақыповқа Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарында сап түзеген жас сарбаздардың салтанатты түрде Әскери ант қабылдағаны жөнінде баянатын жеткізді. Осы күні Приозерск қаласының әкімі Қ.Камзин әскери қызметшілер алдында құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ, әскери ант қабылдау рәсіміне арнайы шақырылған Приозерск қалалық Ардагерлер кеңесінің төрайымы Ж.Қармысова, «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 18405 әскери бөлімінің командирі полковник Т.Саламатов, қатардағы жауынгер Айдар Мұраттың атасы Мұрат Шахатов және Әділ Кастауптың анасы Оксана Кастауп  ақжарма тілегін білдірді. Сонымен қоса,  жас сарбаздар атынан мінберге көтерілген қатардағы жауынгерлер А.Жанбауов пен А.Неевим лебізін білдіріп, Әскери антқа атал болатындығын айтты.

Құттықтап, жас сарбаздарға Отан алдындағы мінсіз қызметті атқаруға қол жеткізе берулеріне зор табыстар тіледі. Осы күні жиналғандар топ мерзімдік қызметтегі әскери қызметшілердің жатын орындарын, асхананы аралап көрді. Игі шараның соңы әскери қызметшілердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Тілек АЛШЫМБЕКҰЛЫ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Суретте: Ант қабылдау сәтінен көрініс.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button