Бас тақырып

Саранда кәсіпкерлер саны артып келеді

Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің Саран қаласына жұмыс сапары кезінде мәлімделді.

Былтырғы жылмен салыстырғанда қаладағы шағын және орта бизнестің даму деңгейі 3,4%-ға өсті. Бөлшек сауда айналымының көлемі артып, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 107%-ды құрады.

Жеңіс Қасымбек бұл жақсы көрсеткіш екенін атап өтті. Оларды жақсарту үшін одан әрі жұмыс істеу керектігін айтты. Алайда, сумен қамтамасыз ету және жылумен жабдықтау желілерінің жағдайы, қоғамдық көлік жұмысының сапасы және тұрғын үй құрылысы, жолдарды жөндеу секілді көпжылғы проблемаларды да ұмытпау керектігін тапсырды.

Саран қаласының әкімі Ержан Темірханов су құбыры желілерінің тозуы мұнда 75%-ға, кәріздік желілердің тозуы 85%-ға дейін жеткенін баяндады.

Жеңіс Қасымбек бұл мәселелерді жоюға барынша қолдау көрсетілетініне, сондай-ақ қаланы қосымша қаржыландыру нұсқаларын қарастыруға уәде берді.

Саран қаласына жұмыс сапары барысында аймақ басшысы бес қабатты үйдің құрылысымен танысты. Аймақ басшысына жұмыстар мерзімге сай жүріп жатқаны, құрылысшылар тарапынан ешқандай проблема туындамағаны туралы баяндалды. Мұндағы материалдың барлығы қазақстандық өндіріс өнімі екен.

Өз кезегінде Жеңіс Қасымбек қалада тұрғын үй құрылысы тиісінше жүргізілмей жатқанын атап өтті. Облыс әкімі бұл бағытта белсенді жұмыс жасауды тапсырды. Пәтер алу кезегінде қазіргі таңда 1300-ге жуық адам тұр.

Аймақ басшысы бірнеше кәсіпорындарды аралап, қала активімен кездесті. Қоғамдық көлік пен қазандықтардың жұмысы секілді өзекті мәселелерді қозғаған депутаттар мен жұртшылық сұрақтарына жауап берді. Жеңіс Қасымбек бұл мәселелерді шешу бойынша тиісті шешімдер қабылданатын айтты.

Сапар соңында облыс әкімі қала басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойып, әлеуметтікэкономикалық көрсеткіштерді жақсартуды тапсырды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Back to top button