Жаңалықтар

Сапа. Серпін. Сенім

Елбасының жыл сайынғы Жолдауын халық асыға күтеді. Неге десеңіз, әдетте Жолдауда еліміздің қазіргі жағдайы талқыланып, келешекке деген бағыт-бағдар айқындалып, көрсетіледі. Себебі, еліне жаны ашитын әрбір қазақстандық үшін, еліміздің дамуының қай бағытта жүзеге асырылып жатқандығын біліп отыру өте маңызды.

Биылғы жылы Елбасымыз 30 дамыған мемлекеттің қатарына кіруді жылдамдататын 10 міндет қойып отыр. Атап айтатын болсақ, индустрияны дамыту, жаңа технологияларды, цифрландыру жүйесін енгізу, қаржы секторын жаңғырту, агроөнеркәсіп кешенін, көлік-логистика инфрақұрылымын, адами капиталды дамыту, оның ішінде білім сапасын, денсаулық сақтау салаларын жоғарылатумен қатар, идеология мен мәдениетті дамыту туралы рухани жаңғыру мәселесіне де аса көңіл бөліп отыр.

Осы тапсырмаларды уақытылы және сапалы орындау мемлекеттік қызметшілердің жұмысына тікелей байланысты. Ол үшін мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік танытып, өз жұмысын адал атқарулары қажет. Тиісінше, Жолдауда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті одан әрі жалғастыру және мемлекеттік қызметшілерге факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы төлеу көзделіп отыр. Менің ойымша, мұндай жаңашылдықтар мемлекеттік қызметшілердің өз міндеттерін тиімді атқаруына серпіліс берері сөзсіз.

Барлық мемлекеттік қызметшілерді Жолдауда көрсетілген 10 бағытты іске асыру бойынша жұмыла еңбек етуге шақырамын және олардың Елбасының тапсырмаларын іске асыруға өз үлестерін қосады деген сенімдемін.

 

 Жандос СӘРСЕНОВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің

Қарағанды облысы бойынша

департаментінің басшысы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button