Жаңалықтар

«Сайлаумэн» қарағандылықтарды дауыс беруге шақыруда

Қазақстандық бағдарламашылар Қазақстан Республикасы Президентін сайлау алдында ақпараттық-анықтамалық жоба құрастырды. Тұрғындардың электоралды және сайлау тақырыбындағы сауалдарына Telegram чат-боты жауап береді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жастар аудиториясына бағытталған  «Сайлаумэн» (SAILAUMAN) интернет-кейіпкері тұтынушыларға келесі қызметтерді ұсынады:

• Сайлаудың жүргізілу барысы туралы ақпарат;
• Өзіңіздің сайлау учаскеңізді қалай табуға болатыны;
• Сайлаушыларға және байқаушыларға арналған нұсқаулықтар;
• Алдағы  сайлауға қатысты басқа да ақпараттық-анықтамалар. 
«Сайлаумэн» чат-боты ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде ұсынады. Сонымен қатар, Telegram-дағы чат-ботқа қосымша  бағдарламалаушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі платформада да «Сайлаумэн» нұсқасы қарастырған. Анықтамалық ақпарат комикстер ретінде жарияланады.  
Құрастырушылардың ойлап тапқан «аңызына» сай, Сайлаумен жуырда 18 жасқа толған және де алдағы Қазақстан Президентін сайлау – оның қатысқалы отырған алғашқы сайлауы. Кейіпкер сайлау процессіне қатысты барлық материалдармен танысып, көптеген ақпарат жинаған, енді сол білген-түйгендерін достарымен Telegram арнасында және өзінің Instagram парақшасында бөлісуге дайын. 
Өзі үлгі бола отырып, виртуалды көмекші жастарды сайлауға қатысуға ынталандыруға, сондай-ақ, сайлау және сайланған азамат болу мемлекеттік басқарудың демократиялық жүйесінің іргетасы екенін, дауыс беру маңызды, жауапты және күрделі емес әрекет екенін түсіндіруге тырысады. 
«Сайлаумэн» қазір желілерге қосылған, Instagram желісіндегі жазылушыларының саны 20 000 асқан және де ол сайлау туралы сауалдарға тәуліктің кез-келген уақытында жауап беруге дайын.

Әлеуметтік желілерге сілтемелер:
Telegram
https://t.me/electionqazbot
Instagram
https://www.instagram.com/sailauman/

Басқа материалдар

Back to top button