Сәтбаев қаласында жаңа баспана пайдалануға берілді

Сәтбаев қаласында отбасылық жатақхана пайдалануға берілді. Жаңа баспанаға Жезқазған кентінен көшірілген тұрғындар қоныстанды, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Отбасылық жатақханаға екі корпустан және 28 блогтан тұрады. Әр секторда үш бөлме және жеке санитаррлық торап пен жуыныу бөлмесі, жеке асхана орналасқан. Мұнда 62 отбасы қоныстанды. 

Ата кету керек, Весовое ауылы мен Жезқазған кентінің тұрғындарын Сәтбаев қаласының жаңа шағын аудандарына қоныстандыру Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев, Ұлытау аймақтарын 2012-2020 жылдары әлеуметтік-экономикалық дамыту кешенді жоспарына сай жүзеге асырылуда.