Жаңалықтар

Сәтбаев қаласында Тайжан Қалмағанбетов әндерін орындаушылардың республикалық байқау өтті

Сәтбаев қаласында ІІ республикалық Тайжан әндерін орындаушылар байқауы өтті. Шара ақынның 140 жылдық мерейтойына арналды. Байқауға Алматы, Шымкент, Қарағанды қалалары мен Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан 14 орындаушы қатысты. Әр қатысушы бірінші турда үш және екінші турда екі әннен орындады. Көрермендер арасында кештің құрметті қонақтары ретінде Тайжан Қалмағанбетовтың немерелері, шөберелері, туыстары мен жақындары болды.

Қазылар алқасының құрамында Халық әртісі, Өнер университетінің профессоры, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайрат Байбосынов және Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын, әнші-жыршы Қатимолла Бердіғалиев және былтырғы конкурстың жеңімпазы Амангелді Күзеубайда болды.

Ән байқауының қорытындысы бойынша үшінші орынды ШҚО келген Талант Мәжитов пен БҚО келген Мирлан Жамбулов иеленді. Екінші орын Шымкенттік Әміржан Бекниязов бұйырды. Бірінші орынды Қызылорда облысынан келген Ерлан Ыбырайхан иеленді. Үшінші орын алғандарға диплом мен 100 мың теңге, екінші орынға – 200 мың, ал бірінші орынға – 300 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталды.
500 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақымен Бас жүлдені алматылық Жаннұр Мұсылманбек иеленді.

Басқа материалдар

Back to top button